Биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 178 жыл толды. Осыған орай тілшіміз, Май ауданындағы Ұлы ақынның атымен аталған Абай ауылының тұрмыс тіршілігімен танысып келген болатын. Толығырақ экранға назар аударайық.


10 тамыз күні елімізде Абай күні аталып өтеді. Осыған орай, Қазақ әдебиетіне шұғылалы сәулесін түсіріп, ұлттың рухани әлемін ерекше жарқыратып жіберген кемеңгер – Абайдың атымен аталған Май ауданына қарасты Абай ауылының бүгінгі күнімен таныстық.

Иран Абылқасов, ауыл ақсақалы:

Мен енді осы араның тумасымын, бала кезімнен осы Абайда өстім. Колхоз кезінде 12 жасымнан бастап жұмыс істедім. Сонымен сол, жүріп бала-шағалы болып, семялы болып осы жасқа келіп отырм.

1927 жылдары Қызыл-отау болып ашылған ауыл кейін «Қазақстан» колхозы, 1945-2020 жылдары аралығында Абай ауылы болып аталған, алайда реестрде «Қызыл-Октябрь» болған. Тек 2000 жылдан бастап ресми түрде Абай атамыздың есімі берілген.

Әсет Дюсупов, Саты ауылдық округінің әкімі:

Май ауданының Абай ауылында 29 аула, 141 адам тұрады. Ол кішкентай ғана кішіпейіл ауыл. Ауыл болып, ел болып ауылымыздың 90 жылдығын атап тойлағанбыз, сол тойлаған кезде осы Абай ауылының бірінші қазығын қаққан ата-бабаларымыздың есімдерін жазбасақ та, соларға тағызым етіп, кіреберісте ескерткіш орнаттық.

Ауыл шағын ғана болса да тұрғындарға барлық жағдай жасалған. Балалар, спорттық алаң, саябақ орналасқан. Биыл әр үйге су тартылып, ғаламтор жүйесі қосылды. Әкімдік келер жылы ауыл ішіне жол салуды жоспарлап отыр.

Әсет Дюсупов, Саты ауылдық округінің әкімі:

Ауданнан жобалық сметалық құжаттарды дайындап ендігі жылға кіреберіс жолды асфальттауды жоспарлап отырмыз. ОсыАбай ауылының кіреберісінен бастап мына ортасына дейін 1,2 шақырым.

90 жылдық тарихы бар бұл ауылдың үлкендері өскелең ұрпаққа Ұлы ақынды ұлықтауды парыз деп санайды. Балаларға арнайы клуб бар. Онда ақынның барлық шығармаларын оқуға болады.

Самал Әбілтаева, Абай ауылдық клубының кітапханашысы:

25 шақты балаларымыз бар ауылымызды. Көрші ауылмен қатынап оқиды кітапханамыз міне осы. Жағдайымыз жақсы. Мемлекеттік тапсырыстан кітаптар келіп тұрады.

Абай 170-тен астам өлең жазған. 56 аударма мен қара сөздері тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Биыл Ұлы Абайдың туғанына 178 жыл толып отыр.


Байтұрсын Жұмабай