Ертіс-Баян өңірінің тұрғындары қазақтың біртуар перзенті, ақын, шежіреші, этнограф, философ, дінтанушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдық мерейтойын атап өтті. Атаулы шараға еліміздің түкпір-түкпірінен қонақтар ағылып, мәшһүртанушы ғалымдар, ақындар, өнерпаздар мен спорт шеберлері келді.


Қазақтың әулиесі, әлемдік тұлға Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мерейтойына бар сән-салтанатымен аталып өтті. Дүбірлі думанға жан-жақтан жиналған қауымның қарасы 20 мыңнан асып жығылды. «Ең әуелі керек нәрсе иман деген» деп ислам дінінің құндылықтаны алтын өзек еткен ойшылдың тойы кесенеге зиярат етуден басталды. Қасиет иесінің аруағына облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы арнайы құран бағыштады.

Құбылған заманда қазақтың құбыласы болған кемеңгер тұлғаның мерейтойына ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов арнайы ат басын бұрды. Мемлекет басшысының аманатын арқалай келген Мәжіліс спикері жиналған қауымға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын жеткізді.

Ерлан Қошанов, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің төрағасы:

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы халқымыздың ауыз әдебиетін, шежірелі тарихын және салт-дәстүрін жан-жақты зерделеп, ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Халықты өнер-білімге шақырған өлеңдер мен толғаулар, дастандар мен қиссалар жазып, төл әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтті. Ұлы ойшылдың мол мұрасы әлі де талай ұрпақтың қажетіне жарары сөзсіз. «Салған мені бейнетке ғылым-білім» деп ақынның өзі жырлағандай, терең таным мен телегей білімнің арқасында елге танымал болып, «Мәшһүр» атанған абызды ұлықтап, еңбектерін жұрттың жадында жаңғырту – баршамыздың ортақ парызымыз.

Алашқа аты мәлім абыздың туғанына 2 ғасырға жуықтаса да рухының сәулесі, асыл мұралары күн өткен сайын жаңғырып, жаңаруда. 2006 жылы кесенесі салынса, былтыр қонақ үйі бой көтерді. Атаның аруағына бас ие келген меймандарды облыс әкімі Асайын Байханов құттықтады.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Қадірлі жерлестер, баршанызды ұлы ойшыл ғұлама атақты ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығымен шың жүректен құттықтаймын. Бүгінде бабамыздың құрметіне салынған Павлотар қаласының бас мешіті, мұсылман халының киелі шаңырағына айналды. Ал Баянауыл төрінде орналасқан кесененің бабамыздың рухына тағзым етіп дұға жасайтын қашан да халқы қалын. Құрметті қауым ұлы бабамыздың өшпес мұрасын тану мен насихаттау жолындағы қазынамыз Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мұрасымен молая берсін.

Шара мәшһүртану мәселелерін қозғаған жиынмен жалғасты. Ұлы ақынның ұрпақтары, ғалымдар қатысқан алқалы отырыста Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәшһүртану өзектілігін сөз етіп, өз зерттеулерімен бөлісті.

Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Алты алаштың абызы, ата салтын шексіз сүйген Мәшһүр Жүсіптің мұрасы бүгінде тәуелсіз отанымызға күш қуат беріп отыр. Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов кемеңгердің руахни келбеті жайлы жүрекжарды лебізін білдірді.

Асхат Оралов, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі:

Құрметті жиналған зиялы қауым, қадірменді қонақтар. Баршанызды озық ойшыл фольклертанушы, ақын этнограф қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі Мәшһүр Жүсіп Көпееұлының 165 жылдық мерейтойында көргенімен қуаныштымын енді 165 жылдықта 100 киіз үй тігілсе, үкімет мүшелері келсе нағыз мерейтойда 175 жылдықта не болады деп ойлай беріңіздер Алла жазса. Қолымыздан келгенше сол кезде жұмыс жасасақ үлкен ел көлемінде Қазақстанның денгейінде, Халықаралық денгейде көтеруіміз керек деген ойымыз бар.

Келелі жиында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мұраларын насихаттау, есімін ұлықтау жолындағы ұсыныстар жасалды. Руханият жанашыры Алтынбек Нұхұлы мәшһүртанудың бірнеше мәселесін көтеріп, нақты қадамдарды жауапты минситрлікке аманаттады.

Алтынбек Нұхұлы, Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты:

Алтынбек Нұхұлы сондай-ақ Мәшһүр Жүсіп пен Бұқар жырау, Мұса Шорманұлы тәрізді тұлғалардың кесенелерінің арасына жол салып, туристік маршрут жасау ісін тапсырды. Әулиенің немересі, ғалым Қуандық Жүсіп балаларымен бірге Мәшһүр Жүсіптің 20 томдық шығармаларын аударып шығарғаны белгілі. Бүгінде диссертациялар қорғалуда. Нартай Қуандықұлы алдағы уақытта медицина, астрономия салалары бойынша еңбектері зерттелсе деген ұсынысын білдіріп, Мәшһүр қолжазбаларын аудару үшін ескіше оқу мамандарын дайындау тәрізді бұйымтайын білдірді.

Нартай Жүсіп, Мәшһүр Жүсіптің шөбересі, филология ғылымдарының докторы, профессор:

Жүздесу соңында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 10 томдық кітабының салтанатты тұсау кесері өтті. Бар ғұмырын халық ауыз әдебиетін жинауға арнаған ғұламыаның әлі де көптеген еңбектері жарық көретінін айтылды.


Гүлсара Мәлікова, Байтұрсын Жұмабай