Биыл әйгілі ақын балалар әдебиетінің мұзбалағы Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл. Осыған орай Шарбақты ауданында ауқымды мәдени-көпшілік шара өтті. Щартаптан жиналған қонақтар ақынның туған жерінде болып, Маралды атырабын өз көздерімен көрді. Ақын жайлы естеліктер айтылып, шығармашылыған көз жүгіртті.


Мұзафар есімі барша қазаққа бала жастан таныс. Өлеңдері тұтас бір ғасырдан бері қазақтың жас буын өкілдерін тәрбиелеп келеді. Мұазафар қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі. Қайталанбас дара шыңы.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Мұзафар Әлімбаев «Алатау баурайында», «Менің Қазақстаным», «Балдәурен, шіркін, балалық», «Ақсерек те Көксерек» және тағы да басқа жинақтардың авторы. ТМД мен өзге де шет елдердің 20 тіліне аударылған поэтикалық жырлардың авторы. Қазақстанның тұңғыш әнұранының авторларының бірі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Павлодар облысының Құрметті азаматы.

Шахимардан Әбілев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

Мереке барысында Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі ақынның жеке заттарынан тамаша көрме ұсынды. Олардың қатарында Мұзафар Әлімбаевтың шапаны, домбырасы және фото-суреттері мен жеке құжаттары, қолжазбалары бар.

Ербол Қайыров, Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің басшысы:

Иса Байзақов атындағы облыстық филармония әртістерінің концерті кештің сәнін кіргізді. Сондай-ақ, қазақ эстрадасының жұлдыздары Зарина Омарова мен Гүлнұр Оразымбетова Шарбақты жұртшылығын мееркемен құттықтады. Жиыны 20 ға жуық киіз үй тігіліп тойшыл қауымға дәм ұсынылды. Той өзгеде мәдени-танымдық шараларға толы болды.

М.Әлімбаев 8 жасында жетім қалып, тағдыр тауқіметін атртқан. Алайда, барлығын қайратымен жеңе білгшен. Жай ғана жеңген жоқ, қазақ әдебиетінің елеулі есімдерінің біріне айналды.


Жанасыл Серікбол