Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасы аясындағы 8-турда павлодарлық «Ертіс» командасы Таразда жергілікті ұжыммен кездесті.

Бірінші таймда павлодарлықтар есеп ашуға жақын болды. Тамерлан Агимановтың соққысы қақпа бағанасына тиіп, гол соғылған жоқ. Ал екінші таймда «Ертіс» қақпашысы Никита Калмыков пен Мүслім Жұмат қауіпті соққысын қайтара отырып, командасын есептен құтқарып қалды.Нәтижесінде 75-минутта Вячеслав Раскатовтың дәл пасынан кейін Руслан Есимов қатарынан екінші матчта гол соғып, «Ертіске» жеңіс сыйлады. Жеңістен кейін павлодарлықтар 18 ұпаймен турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Айта кетейік, қазір көш басында 21 ұпаймен Ақтаудың «Каспий» командасы тұр.

Аңсағаным Қуанышқызы