1 маусым балаларды қорғау күні аясында отбасы үлгісіндегі балалар үйлері мен балаларды қолдау орталықтарына жаңа автокөліктердің кілттері табысталды. Жалпы 8 көлік жаңартылды. Тілшіміз жалғастырсын.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстың отбасы үлгісіндегі балалар үйлері мен қолдау орталықтарына ерекше сый жасалды. Олардың ешбір қиындықсыз қатынап тұруына су жаңа «Газель» көліктерінің кілттері берілді.
Осы ретте облыс әкімі балаларды мерекемен құттықтап, ізгі лебізін білдірді. Жағдай жасалып жатыр, сондықтан білім алып, даму керек деді.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Жастарға айтатынымыз әр тілді білу керек.ағылшын, испан ьіліңіз біліңіздер. Бүгінгі күні 4-5 тілде сөйлейді. Сондықтан дами беріңіздер. Біз қуанышты боламыз соған.
Балалар үйлері мен қолдау орталықтарының басшылары өз кезегінде алғысын жаудырды.
Нағима Әбдірахманова, «Үміт» балаларды қолдау орталығының басшысы
Біз барлықтарымыз әріптестер, балалар ризамыз. Сіздің балаларға деген жағдай жасап жатырсыз. Ризашылығымызды білдіреміз. Денсаулық тілейміз сізге.
Айжан Шамғалиева, Кенжекөл ауылы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының басшысы
Біз бүгін жаңа газель көліктерін алып жатырмыз. Бізге өте қажет, себебі балаларды музейге, театрға, киноға апарамыз. Қажеттілік бар. Одан бөлек біздің балалар Кенжекөл мектебінде оқиды. Сонда 50-ден астам баланы апарып отырады. Сондықтан қуаныштымыз.
Жалпы аймақтағы балалар үйі мен қолдау орталықтарына 8 газель көлігінің кілті табысталды.
Самал Қалиқызы