Павлодарда дәстүрлі «Бүлдіршін» фестивалі өтті. Онда мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілер өнерлерін көрсетті.

Бұлдіршіндердің бәрі өнерпаз. Көңілдері шаттыққа толы балдырғандар өнердің айдынында еркін жүзеді. «Бүлдіршін байқауының қорытынды концертіне облыстың үздіктері жиналды.

Балалар ән айту, би билеу, көркем сөз оқу, музыкалық аспапта ойнау сияқты бағыттар бойынша сынға түсті. Әр балабақша өздерінің мүмкіндіктерін «Бүлдіршін» байқауында сынау жыл сайынғы дәстүрге айналған.

Кішкентай балдырғандардың өнерін ұштап, шабытын ашқан, қанаттандырып өздеріне сенімділік сылаған байқау баршасына ұнаған.

Дәстүрлі өнер байқауы биыл жиырма бесінші рет өтуде. Бұл байқау арқылы талай балдырғандар өнердегі үлкен сапарларына бастау алған.

Жанасыл Серікбол