Қоғамдық кеңес отырысында жастар саясатын жетілдіру және қолданыстағы бағдарламалардың тиімділігі сөз болды. Жиын барысында жастарды қолдау, олардың білім алуы мен еңбекке араласуына жағдай жасау бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар таныстырылды.

Жастардың жарқын болашағы үшін жасалып жатқан шаралар легі қоғамдық кеңесте айтылды. Оларды баспанамен, жұмыс орындарымен қамту бойынша бірқатар жұмыстар жасалған. Тұрғы үймен қамту жолында «Отбасы» банкімен бірге жобалар атқарылса, жастар бастамаларын дамыту орталығы екі қолға бір күрек табуға көмектесуде.

Дулат Әбеджанов, «Amanat» партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы

Жастар кәсіпкерлігіне және өңірлік мемлекеттік бағдарламалараға қолдау көрсету. Жастар бастамаларын дамыту орталықтары мен филиалдары 33 бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Нәтижесінде 258 жас жұмысқа орналасты. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында «Басту бизне»с жобасы бойынша 161 жас кәспкерлік негіздерге оқытылды.

Бұдан бөлек жастарға кәсіптік бағдар беру, психологиялық тұрғыда жәрдемдесу де маңызды. Жастар ресурстық орталығы 6 негізгі мәселені таңдаған. Оның ішінде құқық бұзушылық, суицид, жұмыссыздық, нашақорлық, лудомания және ерте жүктілік сияқты мәселер өзекті.

Дулат Әбеджанов, «Amanat» партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы

Орталық жүйелі түрде жастардың арасында, әсіресе нит жастармен кеңес өткізіп тұрады. Жастардың рухани, мәдени әлемін қалыптастыруға, өзін-өзі дамытуға арналған клубтарға қолдау көрсетеді.

Павлодар облысында 35 жасқа толмаған 207 663 тұрғын бар. Оларға 13 ресурстық орталық қызмет етеді.

Жанасыл Серікбол