Соңғы кезде әлеуметтік желіде су тарифінің өскені жайлы шағымдар көбейіп кетті. Тұтынушылар түбіртектерін көшіріп, бірінен соң бірі желіге таратты. Бірақ ресми түрде ешкім монополияларды реттеу департаментіне шығам түсірмеген. Өңірде енді энергияға тариф көтеріле ме? тілші сюжетінде.

Тұтынушыларды ресурс үнемдеуге ынталандыру мақсатында Қазақстанда сумен, жылумен жабдықтау қызметтерін тұтынудың әлеуметтік нормалары енгізілуде. Су ресурстарын тұтыну мәдениетін арттыру және тұтынушыларды су мен жылуды үнемдеуге ынталандыру үшін табиғи монополиялар туралы заңнамаға «тұтынудың әлеуметтік нормалары» ұғымы енгізілді. Олар «неғұрлым көп үнемдесеңіз, соғұрлым аз төлейсіз» қағидаты бойынша сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау қызметтерін тұтыну көлеміне байланысты жоғары тарифтерді белгілеуге бағытталған.

Нұрлан Нұрмұратов, ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы

Сумен жабдықтау саласында лимиттерге байланысты 4 теңгелік тарифтік қолдану көзделген. Мында экономикалық шығындар былайша көрсетілген. 1 топқа 1 текше метрге дейін тұтыну тариф қолданылады. 2 топқа 3 және 5 текше метрге дейін 20 пайызға өзгереді. Үшінші топқа 5 және 10 текше метрге дейін сәйкесінше өзгертіледі. Сараланған тарифтер бекітіледі.

Жылумен жабдықтауға тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу - бұл шектеулі ресурстар мен тозған Инфрақұрылым жағдайында қажетті шара. Есептік аспаптарды орнатуды, тұрғын үй қорын жаңғыртуды қоса алғанда, бұл энергияға тұрақты, әділ және тиімді жылумен жабдықтауға маңызды қадам бола алады.

Нұрлан Нұрмұратов, ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы

Электрэнергияға тариф көтерілмеді. Өтініш келіп түспеді. Соңғы өзгерістер 2024 жылдың ақпан айында болды. содан бері элекрэнергияға тариф өзгертілмеді. Ал, енді 10 күн өтініш келіп түсті бағаны өсіруге, оған себеп электрэнергия құнының өсуі. Өңірлік комиссия құрылады. Ал, 3 маусым күні қоғамдық тыңдаулар өтеді.

Осы ретте, департамент басшысы әлеуметтік желіде су мен энергия тарифтеріне сын айтылғанмен, департаментке ресми шағым түспеген.

Нұрлан Нұрмұратов, ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитеті павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы

Шынымен, әлеуметтік желіде тарифтің өсуіне қатысты көп шағым болды. оны байқадық. Сондықтан мен кездесулерде шағымды ресми түрде департаментке жіберуді айтып отырдым. Бірақ осы уақытқа дейін тұтынушылардан ресми түрде шағым келіп түспеді. Соған қарағанда азаматтар фактті қабылдап отыр.

Қазіргі таңда Павлодар облысында тұтушылардың 78 пайызында ғана есептегіш құралдары қойылған. Осы ретте, департамент басшысы өңір тұрғындарына ашықтық үшін есептегіш құралдарын қоюды ұсынды.

Самал Қалиқызы