Жұмысқа орналасуға ниетті жастар үшін кезекті рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мұнда әртүрлі сала бойынша жұмыс ұсынған мекемелер мен ұйымдар бас қосты. Жәрмеңкеге келген жастар қажетті ақпарат алып, жұмыс берушілермен тікелей сөйлесуге мүмкіндік алды.
Биыл бұл кездесу үшінші рет өтіп отыр. Шараның мақсаты жұмыс іздеп жүрген жастар мен жұмыс берушілерді бір алаңда тоғыстыру. Жәрмеңкеде 30-ға жуық бос жұмыс орны ұсынылды. Сауда, қызмет көрсету, техникалық сынды түрлі салалар қамтылды. Жас ерекшелігіне қарай 16 жастан бастап үміткерлерге арналған вакансиялар қарастырылған.
Жандарбек Қабдраш, жастарға қызмет көрсету орталығының басшысы
Бүгінде, 2025 жылғы колледж түлектеріне, ЖОО түлектеріне арналған жәрмеңке өтіп жатыр. Және де жазғы тұрғыдағы 16 жастағы балаларға арналған кейбір вакансиялар да болуы мүмкін. Қазір 16 жастағы балаларға арналған ол көбінесе даяшы, сатушы секілді вакансиялар ұсынылады. Барлығы жұмыс берушілерге байланысты,қандай вакансия бере алады. Себебі кәмелетке толмаған жастар болғандықтан, олармен арнайы шартқа отырады. Сондықтан әр вакансияны ұсына алмайды.
Бұған дейінгі жәрмеңкелерге 400-ге жуық жас қатысқан. Олардың ішінен 100-ге жуығы жұмысқа орналасқан. Жәрмеңке аясында студенттер өздерін қызықтырған мамандықтар туралы кеңес алып, түйіндемелерін қалдырды.
Назым Шегебай, студент
Мен бүгін осы жерге жұмыс іздеп келдім. Бастауыш білім беру мұғалімімін болашақ. Өзім бастауыш білім беру орта білімін бітірген болатынмын. Жұмыс іздеп келдім.
Венера Хасенова, жұмыс іздеуші
Мен Тюмень қаласында мұнай және газ ісі мамандығы бойынша жоғары білім алдым. Қазір мұнай-газ саласында жұмыс іздеп жүрмін. Яғни, техникалық бағыт бойынша жұмыс қарастырамын.
Бос орындар жәрмеңкесі жастар үшін нақты қадам жасауға жол ашатын алаң. Еңбекке ұмтылған жасқа бұл екі қолға бір күрек табатын таптырмас мүмкіндік.
Сабина Жолдаспаева