Мектеп бітіруші түлектерге өз болашақ мамандықтарын таңдау мақсатында орталық жағалауда «Мамандық ФЕСТ» атты ауқымды фестиваль ұйымдастырылды. Онда өңіріміздегі отыздан астам колледж жастарды оқуға шақырды. Толығырақ алдағы сюжетте.

Шараның басты мақсаты болашақ мамандар жасап жатқан жұмысты көпшілікке насихаттау. Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар мен аймақта білім беретін колледждер туралы оларға мол мағұлмат беру.

Қарлығаш Асаимова Павлодар облысы білім беру басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы

Биыл «Жұмысшы мамандықтарының жылы»деп жарияланғаны өте орынды шешім болды. Себебі дәл қазір біздің өңірде ғана емес, бүкіл еліміз бойынша білікті жұмысшыларға деген сұраныс артып отыр. Атап айтқанда, токарь, дәнекерлеуші, аспаз, электрик, сырлаушы, сылақшы сынды мамандықтар күнделікті тұрмыста аса қажет, өмірімізге тікелей ықпал ететін кәсіптер. Алайда мұндай мамандардың нарықта тапшылығы сезіледі. Сондықтан да жұмысшы мамандықтарына жастарды тарту, бұл кәсіптерге деген көзқарасты өзгерту бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.

Әр колледж өз мамандықтары мен оқу бағдарламаларын таныстырып, түлектерді өз оқу орындарына оқуға шақырды. Колледждер жай келмеген. Өздерінің әлеуметтері мен мүмкіндіктерін көрсете келген. Мәселен, бөдене өсіру мен көкөніс көшеттерін өсірудің түрлі тәсілі ұсынылды.

Октябрь Жұмайхан, Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжінің басшысы

Қазіргі таңда биыл бізде 148 білім алушы оқып жатыр, 5 мамандық бойынша. Ол ауыл шаруашылығын механикалау мамандығы, тамақтандыруды ұйымдастыру, автокөлікке техникалық қызмет көрсету және зоотехника мамандығы. Бұл жұмысшы мамандықтар барлығы ауыл шаруашылығына өте қажетті, сұранысқа ие мамандар.

Мектеп бітіруші түлектер жаңа технологиялар, кәсіптік бағыттар және еңбек нарығындағы сұраныс жайлы жан-жақты мәлімет алды. Фестивальге жалпы саны 36 колледж қатысты.

Аянат Сәпек, Павлодар қызмет көрсету саласы колледжінің 2 курс студенті

Бұл жерде өте керемет атмосфера, және 1 курстан бастап, қалай тігу керек, шаш жинау бүкілін үйретеді. Ең маңыздысы оқу бітіргеннен кейін біз жұмыссыз қаламыз деп қорықпаймыз, государства жағынан үлкен көмектер беріледі. Жұмысқа тұрғызады, бизнес ашу туралы ойласан ол жағынан үлкен мүмкіндіктер бар, сол жағы мені қуанттырады.

Шараға колледждердің әлеуметтік серіктестері де қатысты. Яғни, өңірдің ірі жұмыс беруші кәсіпорындары да келіп, колледждердің мүмкіндігімен, студенттердің әлеуетімен танысты.

Қымбат Садық