1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай төтенше жағдайлар департаментімен орталық жағалауда ауқымды шара ұйымдастырылды. Онда шаһардың кішкентай тұрғындары ойнап, сурет салып, өрт сөндіру техникаларымен танысты.
Жаз мезгілінде балалардың қатысуымен болатын әртүрлі жағдайлар күрт көбейеді. Әсіресе өрт, суға кету жағдайларын алдын алу мақсатында төтеншеліктер түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Осы жолы Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті балаларға арналған профилактикалық шараны орталық жағалауда мерекелік көңіл-күймен өткізді.
Оразбек Уәлиханов, Павлодар облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы
Балаларды қорғау күніне орай төтеншеліктермен арнайы техника қойылды, ойындар өткізілуде. Сурет салады. Ойындар өткізіліп жатыр. Жаз бойы Ертіс променадта тағы да басқа шаралар өткізіледі. Сақтық шараларына бағытталған.
Сонымен, Орталық жағалауда техника таныстырылды, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сабағы өтті. Сурет салу, интерактивтік ойындар ұйымдастырылды. Өрт, суға кету кезінде жасау керек маңызды іс-қимылдар түсіндірілді.
Әлия Омарова, қатысушы
Маған эстафеталық ойындар ұнады. Техниканы көрсетті. Балмұздақ таратты. Бәрі қызық болды. Ұнады.
Шара соңында балаларға ойыншықтар мен балмұздақтар таратылды. Айта кетейік, 1 маусым балаларды қорғау күні аясында ұйымдастырылды.
Самал Қалиқызы