Павлодар қаласындағы номері екінші мектебінде балаларға арналған қауіпсіздік шарасы жайлы жиын өтті. Оған балалар құқығын қорғау жөніндегі облыстық уәкіл, өрт сөндірушілер мен қызыл ай қоғамының еріктілері қатысты.

Жиын балалар құқығы және қауіпсіздігіне арналған. Бүгінгі таңда қоғам үшін аса өзекті мәселердің бірі. Өйткені, соңғы уақытта балалар құрбан болып жатқан оқыс оқиғалар көбейген. Одан сақтанудың жолы тиімді ағарту жұмыстары.

Жиын аясында оқушылар өмірлік қажетті тәжірибелерді өз көздерімен көрді. Өздерін қатерлерден сақтау, өзгелерге көмек қолын созу және ең бастысы өздерінің құқықтары мен міндеттерін білу туралы кеңінен айтылды.

Шара Қазақстан балалары онкүндігі аясында ұйымдастырылды. Алайда, бұндай түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде өтуі керек дейді ұйымдастырушылар.

Жанасыл Серікбол