Жолда келе жатқан көліктің алдынан кенеттен жануардың жүгіріп шығуы – жиі кездесетін әрі қауіпті жағдай. Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін полиция қызметкерлері түнгі рейдке шықты. Тәртіп сақшылары республикалық маңызы бар тас жолдардың бойында үй жануарларын анықтады.
Атамекен кенті мен Курчатов бағытындағы республикалық тас жолда полиция қызметкерлері түнгі уақытта кезекшілік жүргізді. Рейд барысында иесіз жүрген мал анықталды. Барлық жануарлар уақытша арнайы орынға жеткізілді. Сондай-ақ, Саты ауылында екі тұрғын төрт түлігін қараусыз жібергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қолданыстағы заңнама бойынша, елді мекен аумағында және жол жиегінде мал жаю белгілі бір тәртіппен ғана жүзеге асуы тиіс. Полиция өкілдері тұрғындарды малдарын қараусыз қалдырмауға шақырады. Әрбір азамат қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысы ережелеріне жауапты.
Сабина Жолдаспаева