Павлодар қаласының әскери бөлімдері шағын футболдан сынға түсті. Өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған шара алдағы уақытта жалғасын табады. Толығырақ тілшіміз жалғастырсын.

Әскери бөлімдер арасындағы шағын футболдан сайыс Ұлы жеңістің 80 жылдығы мен батыр Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды. «Жұлдыз» стадионында 6 команда бақтарын сынады.

Сәкен Шырынханов, 99225 әскери бөлімінің командирі, Павлодар гарнизонының бастығы

Негізгі мақсатымыз жастарды спортқа баулу. 5512, 6679, қорғаныс істері жөніндегі департаменті, шекара қызметі, барлау ротасы және аумақтық бригадасының жеке құрамы қатысады. Бірінші рет ұйымдастырып отырмыз. Келесіде қалатындай кубок ауыспалы болып келеді.

Спорт шарасы «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Павлодар гарнизонының әскери прокуратурасымен ұйымдастырылып отыр. Сайыс Қарулы күштердің имиджін көтеруге бағытталды.

Бақытжан Досанов, Павлодар гарнизонының әскери прокуроры

 «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында осы шара өтіп отыр. Сіздерге сәттілік тілеймін, мықты команда жеңіске жетсін.

Әскери бөлімдердің келісімшарт бойынша қызметін атқарып отырған жауынгерлері жарыста бар күштерін салды.

Ринат Омаров, Павлодар қаласы шекара қызметінің сержанты

Иә, әрине бұл шара өте бізге керек. Басқа әскери бөлімдермен қарым қатынас танысып, спорт деген жақсы гой. Осындай шаралар көп болсын дейміз.

Жарыс нәтижесінде 1,2,3 орын иелері мен қоса «үздік қақпашы», «үздік қорғаушы», «үздік шабуылдаушы» номинациялары берілді.

Самал Қалиқызы