Еліміз маусым айының алтысы, жетісі, сегізі күндері Құрбан айт мейрамын атап өтеді. Қазір жергілікті атқарушы орындар құрбан шалатын орындарды белгілеуде. Тұрғындар осы арнайы белгіленген аумақта бекітілген талаптарды сақтай отырып, құрбандық рәсімін атқаруы тиіс.
Павлодар қаласында құрбандық шалу орыны «Құлагер» атшабырының аумағы. Облыстың өзге де қалалары мен аудандарында орындар белгіленуде. Құрбанға шалынатын малдарға қойылатын талаптар бар.
Құрбан шалу кезінде ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай бақылау жүргізіледі. Яғни, мамандар дизИНфекциялар шараларды жүргізіп, малдардың қауіпсіздігін қадағалайды. Тұрғындар құрбандық шалу рәсімін белгіленген орындарда ғана өткізуі керек. Тек, жер үйлердің тұрғынына өздері үшін шалған жағдайда рұқсат.
Тұрғындар сұрақтары бойынша ветеринария басқамрасының 32-30-12, 32-30-75 номеріне немесе облыстық ветеринарлық стансаның 57-72-11 номеріне хабарласа алады.
Жанасыл Серікбол