1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Ертіс телеарнасы өз қызметкерлерінің балаларына арналған мерекелік шара ұйымдастырды. Көңілді әрі мазмұнды өткен бұл күн бүлдіршіндер үшін ерекше әсерлі сәттерге толы болды.Толығырақ алдағы сюжеттен көрейік.

Шара барысында балалар телеарнаның шығармашылық ұжымымен танысты. Тележүргізушілер мен операторлар балаларға мамандықтарының қыр-сырын қызықты түрде түсіндіріп, тележурналист болудың жауапкершілігі мен қызығы жайлы әңгімеледі.

Шорман Кемер

Балалар күні үшін Ертіс телестудиясына келдік. Бүгін бізде ойындар, экскурсиялар, приз болған. Мындағы студияда бәрі әдемі, дәмді болған. Және мен көп достарды таптым.

Балаларға арнайы дайындалған танымдық экскурсия барысында олар студияда отырып өзін диктор ретінде сезініп көруге мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, балалардың көңілін көтеріп қана қоймай, олардың болашаққа деген қызығушылығын ояту басты мақсат болды.

Мерекелік шара ойын-сауық бағдарламаларымен жалғасып, бүлдіршіндерге тәттілер, сыйлықтар және есте қалатын фотосессиялар ұйымдастырылды. Мұндай шаралар арқылы Ертіс телеарнасы ұжымдық рухты нығайтып, қызметкерлердің отбасына деген қамқорлықты көрсетті.

Қымбат Садық