Ақынның 100 жылдық мерейтойы кең көлемде тойланды. Дүбірлі мерейтой кітапханадағы зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Онда қаламгердің көзін көрген ақын-жазушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы тың деректермен бөлісті.
Жақында ақынның балаларының бастамасымен қаламгердің 8 томы жарық көрмек. Дөңгелек үстел барысында әрқайсының құрылымы аталды. Кітаптың 1-томында ақынның поэмалары, өлең мысалдары енгізілген. Ал 2-7 томында «Естай-Қорлан», «Менің Қазақстаным» сынды асыл туындылары, зерттееулері мен балаларға арналған өлеңдері енді. 8-томда бұған дейін жарыққа шықпаған қолжазба туындылары жазылған. Қаламгердің 8 томы 1000 дана болып жарық көрмек. Жиын қатысушылары ақынның өмір жолы мен шығармашылығын ортаға салды.
Айман Зейнуллина, филология ғылымдарының кандидаты:
Дөңгелек үстелге облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова ғалымдар, ақын-жазушылар және ақынның балалары қатысты. Қаламгердің көзін көрген зиялылар ақын туралы естеліктерімен бөлісті.
Ғалымбек Жұматов, ақын, жазушы:
Тағылымды жиында зағип және нашар көретін жандарға арналған «Өскенімді ел көрсін» атты кітаптың тұсаукесері ұйымдастырылды. Атап өту керек, ақиық ақынның мерейтойына орай биыл өңірде 200 жуық шара өтті. Ұлылар есімін үлықтайтын ұрпақ барда, қаламгердің есімі мәңгі сақталары хақ.
Ақмаржан Қалымбек