Мойылдыдағы мұсылмандар зираты қирап жатыр. Бұл жерді иесіз жүрген малдар жайылым алаңына айналдырып алған. Қабірлердің басып жаншып, тіпті кейбір зиратттың құлпытасын құлатып кетіпті.


Мойылдыдағы мұсылмандар зиратының қазіргі кейпі осындай. Құлаған, қираған құлпытас. Зираттың шет жағына шешен және ингуш этностарының өкілдері жерленген. Олардың діни наным сенімі бойынша қабірге қорған тұрғызуға болмайды.

Зяудин Мержоев, Ар-Рахман мешітінің наиб имамы:

Біз қазір мұсылмандар зиратында тұрмыз. Мұнда жылқылар кіріп, қабірлерді таптап жатыр. Кімнің малы екенін де білмейміз. Учаскелік полицейге де бірнеше мәрте айттық. Бірақ, нәтиже болмай тұр. Құлпытастың бәрі босап қалған. Себебі, мал сүйкеніп кейбірін құлатып кетті. Бір апта бұрын марқұмдардың туыстары келіп қайтадан орнатып кетті.

Юсуп Мержоев, Мойылды ауылының тұрғыны:

Бұл мәселені қаншама рет айтқанмен шешілмей тұр. Мүмкін бұл зираттарға қоршау қойып, күзетші әкелу керек шығар. Өйткені, аруақтарды бұлай қорлауға болмайды.

Зираттың иесіз малдардың мекеніне айналғанына біздің түсірілім тобы көрді. Көз алдымызда жылқылар қабірлерді таптап жүр. Тұрғындар дереу полиция шақырды.

Әсемгүл Әбдіғалиева, полиция департаментінің учаскелік инспекторлар қызметін ұйымдастыру тобының аға инспекторы:

Биыл малды қараусыз қалдырған және тиісті жерге жаймағаны үшін 765 тұрғын жауапгершілікке тартылды. Оларға жалпы соммасы 5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қала әкімдігі зиратты жануарлардан қорғау үшін айналдыра шұңқыр қазуды жоспарлап отыр.

Әлібек Оразәлин, Павлодар қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

Біз қоршау қою жағын әлі есептеген жоқпыз. Ол үшін бджеттік өтінім беру керек. Бірақ, қалай болғанда да зираттарды қорғау жағын ұйымдастырамыз.

Тұрғындар мәселеміз тезірек шешілсе деген өтінін ниетін білдірді.


Өзгеріс Қуанар