Павлодарда ERG Service компаниясының 10 жылдық мерейтойы аталып өтті. Еуразиялық Топ құрамындағы бұл кәсіпорын – еліміздегі ең ірі сервистік компаниялардың бірі. Он жыл ішінде кәсіпорын жөндеу жұмыстарынан бастап, жүйелі өндірістік серіктеске дейін өсті.
ERG Service – күрделі өндірістік жабдықтарды жөндейді. Металл және машина жасайтын көп салалы кәсіпорын. Қазір компания құрамында төрт ірі бөлімше жұмыс істейді. Ол жөндеу-механикалық металл илемдеу зауыты,Рудный жөндеу басқармасы, Павлодар жөндеу басқармасы, Павлодар машина жасау зауыты. 6 мың адам еңбек етеді. Мерейтой жұмысшы мамандықтар жылымен тұспа-тұс келді. Салтанатты шарада Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов компания қызметкерлерін құттықтап, олардың облыс экономикасына қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Бұл күні ұзақ жылғы адал еңбегі үшін ондаған қызметкерге мемлекеттік және салалық марапаттар табысталды. Олардың қатарында – «Еңбек даңқы» төсбелгісі, «ERG адалдығы үшін», «Өндірістегі еңбегі үшін» арнайы белгілер бар. Сондай-ақ компания мерейтой аясында бірқатар қызметкерге автокөлікпен пәтер кілттерін табыс етті. Бұл – еңбек адамын бағалаудың нақты көрінісі.
Он жылдық тарих – үлкен жетістіктердің бастамасы. ERG Service – еңбекке деген құрметтің және тұрақты дамудың айқын үлгісі. Кейінен шара эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концертпен аяқталды.
Әйгерім Тоқпанқызы