Павлодарда «Легоу» бірегей көрмесі ашылды. Ол келушілерді өзінің таңғажайып конструкциялық әлемімен қызықтырады. Сондықтан павлодарлықтар бала-шағасын алып, түрлі экспонаттардың куәсі бола алады. Тілшіміз айтсын.

Мультфильм кейіпкерлері, әлемнің кереметтері және кескіндеме шедеврлері – барлығы аңызға айналған дизайнердің мыңдаған кішкентай текшелерінен тұрады. Кіре берістегі әрбір келушіге квест-парақ беріледі – онымен сіз көрменің барлық аймақтарынан өтіп, өзіңізді нағыз зерттеуші сияқты сезіне аласыз.

Ольга, «Легоу» көрмесінің әкімшісі

Бұл көрмеде бірнеше локация орналасқан. Ең негізгісі – экспонаттарға арналған көрме. Экспонаттар құрылымдардан құралады, бізде кейбір жәдігерлер 30 мың детальды біріктіреді. Мысалы бұл мұражай аймағы – оған грек Құдайлары енеді. Сондай-ақ біз балаларға түрлі персонаждарды көрсетеміз. Яғни Мадагаскар, Амонг Ас, Майнкрафт танымал ойындарының кейіпкерлері бар. Ол кейіпкерлермен бірге суретке түсуге, оларға жақындауға болады.

Сондай-ақ, гидтер балаларға Лего жасаудың қызықты тарихын айтады. Көрмеде экспонаттары бар залдан басқа қосымша аймақтар бар. Яғни балалар VR көзілдірігін ойнай алады, үлкен дженга жинай алады, машинаны немесе экскаваторды басқара алады.

Салтанат пен Айсана, «Легоу» көрмесінің қонақтары

Біз басында көрмеде не барын білуге келдік. Қызығып келдік. Сөйтсек мында шеберлік сабақтары өтеді екен. Мысалы Айсана шеберлік сыныбына қатысады, ал ұлым виар-көзілдірік таңдады. Виар-көзілдіріктер өте шынайы, кейбір кездерде тіпті қорқып кеттім. Себебі акулалар шығып қалатын. Сондықтан ол көрмеде слайм жасауды таңдады. Бұл ең тынышы. Ал ұлым әлі ойнап жатыр.

Легоу көрмесі өнерді, технологияны және ойындарды біріктіреді. Сондықтан 17 тамызға дейін Академик Сәтпаев көшесі, 63/1 мекенжайында конструкторлық ертегіге барып, тамашалуға уақыт бөліңіз.

Самал Қалиқызы