Павлодарда санитарлық талаптарды өрескел бұзған кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Еске салсақ, 7 маусым күні Павлодар қаласындағы мейрамханалардың бірінде той өткен еді. Ал келесі күні, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жедел жәрдем станциясынан дабыл түскен. Хабарламада бірнеше адамда өткір ішек инфекциясы анықталған.
Белгілі болғандай, мейрамхана иесі санитарлық нормаларды сақтамаған. Мамандар дереу эпидемиологиялық тексеріс жүргізіп, зертханалық сынамалар алған. Нәтижесінде, мейрамхананың тиісті рұқсат құжаттары жоқ екені белгілі болды. Соған қарамастан, 9 маусым күні мекеме жұмысын жалғастырған. Сол күні тағы 18 адамнан ішек инфекциясы тіркелген. Сот отырысында кәсіпкер кінәсін толық мойындады. Оның айтуынша, мұндай жағдай алғаш рет болған. Сол себепті, соттан жазаны жеңілдетуді сұрады.
Агидель Ибраева, Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы
Сот әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодексінің 462 бабының 3 бөлгіне сәйкес жеке кәсіпкерді кінәлі деп танып, оған әкімшілік жаза ретінде 275 240 айыппұл және Б мейрамханасының қызметін 1 ай мерзімге тоқтатумен тағайындады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қазір сол ғимаратта басқа қоғамдық тамақтану орны жұмыс істейді.
Сабина Жолдаспаева