Облыстық көркемсурет мұражайында Сейсенғали Тіленбаевтың жеке көрмесі көрерменге ұсынылды. Қылқалам шеберінің туындылары Қазақстанда ғана емес, Ресей, Германия, Швейцария елдерінде де кеңінен танымал. Дарынды суретшінің суреттер көрмесін біздің түсірілім топ та тамашалап қайтты.
Көрмеде автордың 60 жуық туындысы ұсынылған. Олардың арасында қылқалам шеберінің алғашқы және кейінгі еңбектері бар. Сейсенғали Тіленбаев кескіндеме және графика бағытында жұмыс жасағанды жөн көреді. Акварель шеберлігін де жетік меңгерген. Көрмеге келген өнер сүйер көпшілік суретшінің туындылары мен дарынына жоғары баға берді.
Кең даладағы адам – қылқалам шебері туындыларының негізгі тақырыбы. Сейсенғали Тіленбаевтың қолынан шыққан суреттер қазақ халқының өмірі мен болмысын шынайы, табиғи түс схемасын арқылы бейнелейді. Сырлы бояумен сыр шерткен туындылар бір ай бойы көрермен назарына ұсынылмақ.
Ақмаржан Қалымбек, Анастасия Ерш