Павлодар облысының үш ауданының тұрғындары әкімдерін өздері сайлайды. Қай аудан екендігі облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында анықталды. Осылайша, еліміздің демократиясын дамыту жолында тағы бір қадам жасалмақ.
Сайлау - халықтың еркін таңдауы. Елінің, аймағының, қаласының болашағына үлес қосатын мүмкіндігі. Әр тұрғынның пікір де сайлау аясында айтылады. Биыл үш аудан әкімін сайлау пилоттық режимде өткізіледі деп жоспарланып отыр.
Бұған дейін облыста ауылдық округ әкімдері сайланды. САйлау 99 ауылдық округте өтіп, 46 әкім жаңарған.
Дидар Ибраев, Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы:
Ауыл әкімдерін тікелей сайлау көптеген оң өзгеріс әкелуде. Сайланған әкімдердің халық алдындағы жауапкершілігі артты. Бұл жұмыс нәтижесіне оң әсер етуде. Жалпы өткізілген сайлаулар өңіріміздің инфрақұрылымы қала және аудандар әкімдерін сайлауға әзірлігін көрсетті.
Осылайша, Ақтоғай, Железин, Шарбақты аудандарының тұрғындары әкімді өздері сайлайды. Мәслихат депутаттары сайлау өткізуді ьбір ауыздан қолдады.
Сонымен қатар, мәслихат отырысында «Павлодар облысының құрметті азматы» атағын беру қағидаларын өзгерту бастамасы мен бірқатар елдімекендердің атауын өзгеруту шешімі де қолдау тапты.
Жанасыл Серікбол