Алдағы жылыту маусына дайындық жайы облыстық қоғамдық кеңес алдында талқыланды. Онда жылу желілеріне жасалған жөндеу жұмыстары, көпқабатты тұрғынүйлердің жылу қабылдауға дайық турасында баяндалды. Жиынға облыс әкімі Асайын Байханов және шаһар басшылары қатысып, қазіргі жағдайға кеңірек тоқталды.
Павлодар қаласының жылыту маусына дайындығы бақылауда. Дайындық жайын қоғам кеңес алдында кеше ғана тағайындалған шаһар басшысы Хасар Хабылбеков баяндады. Биыл жалпы 15 жылыту бірлігіне жөндеу жұмыстары жоспарланған. Оның 11-індегі жұмыс аяқталған. Қалғаны қыркүйектің соңына дейін дайын болады.
Хасар Хабылбеков, Павлодар қаласының әкімі:
Қаланың энергия көздерінің қуаты шаһарды жылытуға жеткілікті деңгейде дайын. Көктемгі және күзгі гидравикалық сынақ жұмыстары аяқталды. Жалпы 526 ақау анықталған болатын. Қазіргі уақытта оларың барлығы қалыпқа келтірілді.
Облыс бойынша жиыны 40 жылыту бірлігіне жөндеу жоспарланған. Оның 18 інде аяқталыпты. Тағы 17 бірліктегі жөндеу жұмыстары әр түрлі деңгейде жүріп жатыр. Тағы 5 жылыту құралын жөндеу уақыты әлі жетпеген. Жылыту маусымына дайындық барысына ең әуелі әлеуметтік нысандарға басымдық берілуде.
Сонымен қатар, қоғамдық кеңес мүшелері денсаулық сақтау нысандарының қатты отымен қамтылуын, жалпы қаншасы дайындық актісін алғңандығын сұрады.
Айдар Сейітқазинов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Қатты көмірдің 40 пайызы жеткізілді. Қоңыр көмірді кейінірек әкелеміз. Дайындық актілеріне келетін болсақ, Ақсу және Екібастұз қалаларындағы нысандар 100 пайыз дайын. Ал, Павлодар қаласы бойынша тек күрделі жөндеу жүріп жатқан номері үшінші қалалық ауруханасы қалды.
Ал, облыс әкімі Асайын Байханов жылыту мауысына дайындық жайын тікелей өз бақылауына алып отырғандығын жеткізіп, биыл бұл бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталды. Мәселен, Екібастұз қаласы құрылғалы бері жасалмаған жұмыс атқарылғандығын айтты. Жалпы 382 шақырым құбырдың 15 пайызы жаңартылған. Екібастұздағы желелілердің тозу деңгейі 92 пайыз екендігін де тілге тиек етті.
Екібастұзда масистралдық желіден бөлек, стансада да ауқымды жұмыстар атқарылды. Жалпы 10 қазандық алтауы маусым басталмай дайын болады. Ал, қаланы жылыту үшін екі қазандық жеткілікті.
Жалпы жылы беру үш қалада бірдей басталады. Сыртқы темпереура үш күн қатарынан минсу сегіз граус болған жағдайда жылу беріле бастайды.
Жанасыл Серікбол