Елімізде 15 қыркүйектен бастап тұрғындарды емханаға тіркеу науқаны басталады. Емхананы таңдап, оған тіркелуге 2 ай беріледі. Тіркелу жолдары қандай?

Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету медициналық ұйымдарына еркін тіркелу науқаны жыл сайын жүргізіледі. Биыл да қыркүйектің 15-і басталып, қараша айының 15 дейін жалғасады. Азаматтар емханасын таңдау мүмкіндігіне ие. Дегенмен, мамандар тұрғылықты жерге жақын орналасқан медициналық ұйымды таңдауа кеңес береді.

Биыл шетелдіктер мен еңбек мигранттары үшін тіркелу ережелері өзгерді. Енді оларда ерікті медициналық сақтандыру және есептелген медициналық сақтандыру болуы шарт. Жаңа ережелер 15 тамыздан бастап күшіне енді. Қандастар және ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер үшін тіркелу шарттары өзгермейтінін атап өткен жөн.

Алмагүл Ахметжанова, «әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалы директорының м.а:

Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілді. 26-бапта атап өтілгендей, еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға тыйым салу мен шектеулер қарастырылған. Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан, медициналық сақтандыру шарты және азаматтығы жоқ шетелдіктермен еңбек шартын жасасуға жол берілмейді. Дегенмен, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қазақстандықтармен құқықтары тең.

Тіркелу үшін оңтайлы мүмкіндіктер қарастырылған. Белгілі бір медициналық ұйымға тіркелу үшін бар жоғы емхананың ақпараттық-анықтамалық қызметіне қоңырау шалу қажет. Ал, электрондық қызметтерге басымдық беретін азаматтар үшін егов.кз электрондық үкіметі жұмыс жасайды. Емханалар туралы толығырақ қордың www.fms.kz сайтындағы «Емхананы таңдау» бөлімінде білуге болады.

Алмагүл Ахметжанова, «әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалы директорының м.а:

 «Тікелудің екі жолы бар. Электрондық денсаулық сақтау веб-порталы арқылы жүзеге асады. Денсаулық сақтау бөлімінде алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсететін "медициналық ұйымға тіркелу" қызметін таңдау қажет. Кейін медициналық ұйымға өтініш беріп, тиісті жолдарды толтыру қажет. Емхана пациент туралы ақпаратты ақпараттық жүйелерден алады. Оң жауап болған жағдайда азаматқа электрондық құжат түрінде тіркелгені туралы хабарлама түседі.

Атап өту керек, азаматтардың барлығы сақтандыру мәртебесіне қарамастан медициналық көмектің кепілдендірілген тегін қызметіне қол жеткізе алады. Ал, жоспарлы госпитализация, маманның қарауына жазылу, жоғары технологиялы емдеу сияқты қызметтерді алу үшін науқас Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылуы шарт. Сақтандыру мәртебесі туралы білу үшін электронды Үкімет, қордың сайты, SaqtandyryBot Телеграм желісі және Qoldau мобильді қосымшасы қарастырылған.

Ақмаржан Қалымбек