Павлодар оқушылары Шекара қызметінің әскерилерімен кездесті. Шекарашылар ел шебін қорғау ісіндегі артықшылықтар атады. «Армандаған мансабынды құр» ұранымен өткен шара мақсаты – оқушылары әскери оқу орындарына түсуге шақыру.

Мемлекеттік шекараның беріктігі күн түн демей күзетте тұрған шекарашылардың бақылауында. Бұл ретте Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің еңбегі қашан да қадірлі. Жыл сайын мыңдаған түлек шекарашы болуды мақсат етіп академияға түсуге құжат тапсырады. Осыған орай Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Павлодар облысы бойынша департаменті жыл сайын ақпараттық-насихаттау кездесулерін өткізеді.

Шара аясында жас шекарашылар қызметтегі тәжірибелерімен бөлісті.

Қайсар Арынғалин, шекара қызметі департаментінің кадр бөлімінің офицері:

Өз тәжірибемді айтып кетсем, 2018 жылы Алматыдағы шекара қызметі академиясын аяқтадым. Ол уақытта жалақым 152 мың теңгені құрады. Бүгіндегі айлығым 475 мың. тұрғын үй төлемдері, бұдан бөлек отбасы мүшелеріне 40 мың теңге қарастырылған. Қзаір менің жасым 27де, 10 жылдан кейін денсаулық жағдайы және басқа себептермен зейнетке шыға аламын. Бір уақыт денсаулығыма байланысты жарты жыл емделдім. Сол уақыт бойы жалақым төленіп отырды. Басқа мемлекеттік ведомстволарда мұндай артықшылықтар қарастырылмаған

Болашақ түлектерді шекара қызметі қызықтырса керек, шара барысында оқушылар мамандарға сауалдарын жаудырды. Кейбірі қызметті өміріне серік қылуды жоспарға алған.

Иван Бейбих, Қ.Макпалеев атындағы жоббм оқушысы:

Маған бұл шара ұнады. Оқуға түсерде әскери академияны ескеретін боламын. Алматыдағы Шекара қызметі қызығушылығымды оятты. Бұл қызметтің жағымды тұстары тіптен көңілімнен шықты. Мәселен, тұрғын үй, медициналық сақтандыру және білім алғандағы уақыт еңбек өтілімге енетіні қуантады

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі шекара тыныштығын бақылайтын қуатты құрылым. Болашақ түлектер үшін Қазақстан, Ресей, Түркия елдеріндегі 22 оқу орны таныстырылды. Әскери қызметшінің спорттық техниканы білуі абзал. Оқушылар назарына қоян-қолтық ұрыс жаттығулары да ұсынылды.

Ақмаржан Қалымбек