Өңір Басшысы Асайын Байхановтың Қатысумен Өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймақтарын көгалдандыру бойынша жиналыс өтті. Онда жасыл көшеттерді баптап өсіріп, желек санын көбейту жайында сөз болды.

  Павлодар өндірісті өлке. Жұмыс істейтін алпауыт кәсіпорындар аймақтың экологиялық ахуалына кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Өндірісті аумақ маңында жасыл желек қоры бай болуы керек. Бұл мәселе қолға алынған сыңайлы. 2020 жылдан санитарлық-қорғау аумақтарына 150 мыңнан астам ағаш отырғызылған. Жыл сайын, 40, одан әрі 88 мың жасыл желек салынды.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өндіріс аймақтарын таза ұстау және абаттандыру әрбір кәсіпорынның нағыз міндеттерінің бірі болып табылады. Әйгерім Жаңбыртайқызы осы бағыттағы жұмыс туралы баяндаңыз.

Әйгерім Қабылтаева, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы:

Дегенмен, көрсеткіштерге қарамастан, көшеттердің сапасы көңіл көншітпейді. Осылайша, экологиялық кеңес мүшелері жүргізген қоғамдық мониторинг жасыл алқаптардың сақталуының төмен деңгейде екенін көрсетті. Бұған себеп, бұл, біріншіден, өндірістік аймақтарда өсімдіктер қолайсыз жағдай өсіп келеді. Екіншіден, отырғызу материалдарының сапасы төмен болуынан және жасыл көшеттерді отырғызу кезінде тиісті дайындықтың болмауынан болған. Сонымен қатар ағаштарды суару дұрыс орындалмаған екені анықталды.

Облыс әкімі 1 қазанға дейін санитарлық-қорғау аймақтарының шекарасын анықтау алгоритмін қарастырып, тамшылатып суару жүйесін орнату мәселесін пысықтауды тапсырды.

Ержан Салханов, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы:

Тамшылатып суару тәжірибесін зерттедік. Әрине, оң артықшылықтар бар. Бұл үрдіс арқылы өсімдіктер қажетті көлемде ылғалмен қамтамасыз етіледі. Бүгін тамшылатып суару жүйесінің құны өзекті болып отыр. Қазір кәсіпорындардан баға ұсыныстары сұралды. Осыдан кейін бұл мәселе қаралатын болады.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Әр кәсіпорынға нақты жоспар жасап, бізден үлгі алып, ағаштарды суаруды автоматтандырылған түрде ұйымдастыруды ұсынамын. Энергетика басқармасы ең алдымен, қашан және қалай суару керектігін қарау керек. Суару үшін шикі су болуы керек. Бұл ПиАш теңдестірілген су болмауы керек. Ауыз су емес. Қазір көп кәсіпорындар 20-30 миллион салуды көздеп отыр. Бұл қаражатты қайта қарастыру керек.

Жиын соңында өңір басшысы Асайын Байханов – жасыл аймақтар мен белдеулерді құрудың бірыңғай тұжырымдамалық тәсілін әзірлеу мақсатында 1 желтоқсанға дейін кәсіпорындарда өтем ретінде отырғызылатын алаңдарын анықтап, дендрологиялық жоспар ұсынуды тапсырды.

Әйгерім Тоқпанқызы