Бүгінде көп тіл білу – жаһандық талап. Көп тіл білген көпті іледі, көкжиегі кеңейіп, өрісі ұлғая түседі. Бүгінде жастардың тіл үйренуге деген ұмтылысы жоғары. Мысалы, павлодарлық оқушы Дарья Шарупич қазақ тілін еркін меңгерген. Беларус ұлтының өкілі қазақ сыныбында білім алады, қазақтың ұлттық дәстүрін де ұстанады.

Дарья Шарупич 11 сынып оқушысы. Ол тек өзі ғана емес сондай-ақ отбасы ішінде де қазақша сөйлейтіндерін жеткізді. Бүгінде Дарья қазақ сыныбында білім алады.

Дарья Шарупич, 11 сынып оқушысы:

Қазақ тілін мен 3 жасымда еркін менгердім, менімен қоса қарындасым да бауырым да қазақ тілін менгерді Отбасымызда салт дәстүрлерді берік ұстанамыз сүйікті ақындарымыз да бар мысалы ол Абай Құнанбайұлы –

Оған қоса, қазақ ақындарының өлендерін жаттап машықтанған. Басым көпшілігі Абай Құнанбайұлының шығармаларын жатқа біледі.

Дарья Шарупич, 11 сынып оқушысы:

Интернатта оқып жүр

Талай қазақ баласы –

Жаңа өспірім, көкөрім,

Бейне қолдың саласы.

Балам закон білді деп,

Қуанар ата-анасы,

Ойында жоқ олардың

Шариғатқа шаласы.

Қазақ тілінде еркін ойын жеткізе алатын Дарья болашақта дәрігер болуды армандайды. Бүгінде өңірімізде қазақ тілін еркін меңгерген жастардың саны артып келеді.

Байтұрсын Жұмабай