Жолдауда жасөспірімдер мәселесіне басымдық берілді
Биылғы Президент жолдауында жасөспірімдер мәселесіне назар аударылды. Президент өз сөзінде жас ұрпақтың тәрбиесіне аса көңіл қою керектігін айтты. Соңғы кездері дертке айналып келе жатқан буллинг мәселесіне де ден қойды.
Жастар -ел болашағы. Ал, олардың алаңсыз өмір сүруіне қолайлы орта құру кезек күттірмес міндет. Президент жолдауындағы негізі ой осыған саяды.
Бұл ретте республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі отбасы тәрбиесін жөнге келтіру керектігін айтады.
Қазақстан халқының үштен бір бөлігін жастар құрайды. Азаматтардың орташа жасы 32-де.
Жанасыл Серікбол