Аққулы ауылында жергілікті тұрғын шаруа қожалықтары арасында сұранысқа ие жануарларға арналған ұстағыштар шығарады. Бұл құрылғылар малдың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, мал өсірушілердің жұмысын жеңілдетеді.

Мал байлауға арналған құрылғыны жасау идеясы осыдан бір жыл бұрын келген. Аққулы ауылының тұрғыны Арман Баталов өзі мал өсіреді. Төрт түлікті бағудың әуресін жақсы білетін ол, осындай құрылығын жасауды қолға алған. Бұл құрылғы фермаларының жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді деп есептейді. Емдеу, ветеринарлық тексеру немесе өзге де шаралар кезінде жануарлар үшін қауіпсіз.

Арман Баталов, Аққулы ауылының тұрғыны:

2022 жылдың қазан айында 4,3 млн теңгеге өтінім беріп, грант ұтып алдық. Ол ақшаға дәнекерлеу, тегісттеу құралдары сияқты қажеттінің барлығын алдық та жұмыста бастап кеттік.

Алғашқы ұстағышты дайындауға 4 ай уақыт кетіпті. Өйткені, сызбасы толық дайын емес еді. Қазір барлық ұсақ бөлшектері ескерілген.

Арман Баталов, Аққулы ауылының тұрғыны:

Болашақта мал тиеуге арналған трап жасауды жоспарлап отырмыз. Тасымалдауға арналған 4 тонналық тіркеме де жасау ойымызда бар. Қазір сызба жұмыстарын дайындаудамыз.

Алғашқы жоба гаражда іске асты. Қазір бұл құрылғыларды Алматы, Қарағанды облыстарындағы фермерлер сатып алып та үлгерді. Арман Баталовтың айтуынша, бұндай құрылғылар мал шаруашығы үшін таптырмас құрал. Емдеу үшін ғана емес, емдік шараларды қауіпсіз орындау үшін аса қажет.

Жанасыл Серікбол, Валентина Леонова