Облыста өріт оқиғалар азаймай тұр. Оқыс оқиғаның қайғылы аяқталатын кезі де аз емес. Ең өкініштісі, балалар да тілсіз жаудың құрбаны болып жатыр. Қазір жылу маусыына дайындық жүріп жатыр. Басты назарда жеке сектордағы тұрғынүйлер.
Жеке сектордағы өрт қауіпсіздігі дәл қазіргі уақытта өрт сөндірушілердің негізгі жұмыс бағытына айналды. Баспасөз жиынында бұнда бірқатар мәселер бар екендігі айтылды. Тұрғындар өрт қауіпсіздігі ережелерін біле бермейді. Ал, білгендері сол ережені сақтауға құлықсыз.
Жасұлан Жұмашев, ТЖД бастығы:
Соның ішіндегі бірінші проблема трубаларды дұрыстап тазарту, екіншіден дымұыл ағаш салу. Трубалардың үстін жаппай, оған қар түсіп кететін проблемалар бар.
Қазіргі уақытта улы газге қарсы датчиктер қойылыуда. Оған жергілікті әкімдіктермен қатар, кәсіпкерер де ат салысуда. Бұл құрылғы көбіне әлеуметтік әлсіз топқа жататын отбасыларға тегін орнатылуда. Сонда да, өрт фактілер азаймай тұр. Әсіресе жеке тұрғынүйлердегі өрт жағдайы оңалар емес.
Жасұлан Жұмашев, ТЖД бастығы:
Тек өйткен айда 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында облыс аумағында өрттің 9 фактісі тіркелді. Былтыр 15. Биыл 9 болса да көп деп санап отырмыз. Өлген адам саны. Былтыр 1 адам қайтыс болып еді.
Қазір жеке сектооррлардағы өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша алдын-алу шаралары күшейтілді. Әр түрлі бағытт дайындықтар жүргізілуде. Төтенше жағдайлар департаменті дайындық жүмыстарын кезең-кезеңімен атқаруда.
Жасұлан Жұмашев, ТЖД бастығы:
Төрт аптаға бөліп өтырмыз. Соның ішінде қысқа әзірлену жаз-күз кезеңі. Өрт қауіпсіздік профилактикасын 15өыркүйекке дейін аяқтау керек едік. Тағы бір айға ұзартып отырық.
2022-2023 жылғы жылу беру маусымының қорытындысы бойынша, облыс аумағында тұрғын үй секторында 118 өрт болыпты. Ал 2021-2022 жылдары 127 факті анықталды.
Азаматтық қорғау қызметкерлері жылыту маусымында өрт қауіпсіздігінің алдын алу үшін жалпы саны 11 мыңға жуық адамды қамтып, мыңға жуық тұрғын үйді аралады. Өрт қауіпсіздігін бұзудың 1658 фактісі анықталды.
Жанасыл Серікбол