Алаяқтық құрбандары жыл санап артпаса кеміген жоқ. Бұған не себеп? Халықтың білместігі ме, әлде алаяқтардың алғырлығы ма? Осыған орай тиісті бірқатар мекеме өкілдері бас қосып алдын-алу шаралы жөнінде конференция өткізді.
Қазір алаяқтыққа қарсы оқыту жұмыстары мектептер мен доғары оқу орындарында жүргізіліп жатыр. Павлодар қаласы бойынша 20 мектепте оқыту шаралары өткен. Басты мақсат халықтың қаржылық сауатын арттыру. Қазір технологиялардың дамыған уақыты. Адам компьютерлік бағдарламаралар мен әр түрлі қосымшалар арқылы көптеген ойын жүзеге асыра алады. Алаяқтар да бұл жетістіктерді өз мақсаттарына мкемдеп қолдануда.
Толқын Нұрмахин, ҚР қаржы нарығы реттеу және дамыту агенттігінің басқарма басшысы:
Бүгінгі таңда кино индустриясында қолданылатын технологияларды алаяқтар да қолданады. Осылайша олар құқық қорғау орындарының, банк пен микро қаржы ұйымдарының атынан телефон соғады. Бұндай жағдайда сөйлесуді доғарған жөн. Дереу банкке өзіңіз хабарласып, жағдайды анықтау қажет.
Қауіпсіздік мақсатында аты-жөнін атамауды өтінген Павлодар тұрғыны, белгілі банктердің бірінен қоңырау шалып, оның депозитінен ақша алмақ болып жатқанын және оны тез арада басқа шотқа аудару керектігін айтқан. Зейнеткердің сеніміне кірген алаяқтар оның есепшотына қол жеткізіп, депозиттен үш миллион теңгеден астам ақшаны аударып алған.
Алаяқтық құрбаны:
Телефонды қолыма ұстап қарадым. Шкала пайда болды. Цифрлар көрінді, менің кодымды енгізіп жатты. Ақшаны көз алдымда аударып алды. Мен оларға ешқанда код айтпаған болатынмын.
Сонымен қатар жеке сот орындаушылардың атынан қоңырау соғатындар да бар. Әділет депаратаменті қызметркерлерінің де атын жамылып аялаяқ жасап жүргендер табылады. Ал, сала қызметкерлері азаматтардан есепшоттарды телефон арқылы сұрамайтындықтарын ескертеді.
Айсана Байзақова, әділет департаментінің аға сот орындаушысы:
Қазір алаяқтар арбаудың барлық тәсілдерін қолдануда. Олар қорқытып та, бопсалап та ойларын іске асыруда. Мәселен, есепшоттарыңызды бұғаттаймыз деп айтады. Бірақ, есіңізде сақтаңыз бұл тек прокурордың санкциясы арқылы ғана орындалады... то только с санкции прокурора
Дөңгелек үстелге қатысушылар интернеттегі алаяқтықты қалай тоқтату және құрбандар санын азайту жолдарын талқылады.
Ринат Ахметзянов, ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел тергеу тобының бастығы:
Өте сақ болу керек. Күдікті телефон номерлерімен сөйлеспеңіз. Сонымен қатар, әлеуметтік желі арқыты күдікті сілтемелерге де өтпеңіз. Күмән келтірген жағдайлар болса құқық қорғау мекемелеріне хабарлаңыз.
Жалпы алаяқтық тәсілдері түрленіп отырады. Өзгерметін заңдылық сіздің жеке деректеріңізге қол жеткізуге тырысуы.
Статистка бойынша құрбан болатындардың көпшілігі зейнеткерлер.
Жанасыл Серікбол