Өңірде демалыс күндері тәртіп сақшылары «Жасөспірім» алдын алу шарасын ұйымдастырды. Бұл күндері полиция қызметкерлері облыс орталығындағы дәмхана, түнгі және ойын клубтарын аралады.
Алдын алу шарасы барысында Павлодар қаласының түңгі ойын сауық мекемелерінде кәмелет жасына толмаған 125 азамат анықталған. 7 –уі құқық бұзушылық жасаған, 6 жасөспірім алкогольді ішімдік ішкені анықталды. Бұдан бөлек 38 ата-ана өз міндетін толық орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Заңға сәйкес жасөспірімдер тек кешкі сағат онға дейін көшеде жүруге құқылы. Зұлымдық түңгі уақытта таралатыны аян. Шараның мақсаты жасөспірімдер қылмысының алдын алу және ескерту бойынша жұмысты күшейту, білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, құқықтарын қорғау. Жедел профилактикалық іс шаралар жыл бойы, әсіресе демалыс күндері ұйымдастырылатын болады.