Биыл «Ұлан» әуесқой волейбол клубінің құрылғанына 10 жыл. Осыған орай облыстық турнир ұйымдастырылды. Тартыс бәсекені біздің түсірілім тобы да тамашалап қайтты.
Турнирге облыстың әр аудан, қалаларынан келген 12 команда қатысты. Бәсеке қызу, ойын тартысты.
Турнирде Май және Шарбақты аудандарының екінші олимпиадалық резерв мектебінің оқушылары жүлдегер атанды. Ал, жарыс жеңімпаздары «Ұлан» командасы. Команда негізін ұлттық ұлан сарбаздары қалаған.
Осылайша «Ұлан» клубының мерейтойына арналған турнир биік деңгейде өтті.
Жанасыл Серікбол Анастасия Ерш