Бүгін қазақ әдебиетінің даму тарихына өшпес із қалдырған жазушы Мұхтар Әуезовтің туған күні. Абайтанудың негізін салушының туғанына 126 жыл. Осыған орай тілшіміз облыс орталығындағы ұлы жазушының атымен аталған мектептін тынысымен танысып қайтты.

Мұхтар Әуезов Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Жазушы Ұлы Абайды биік шыңға көтерілуіне әсерін тигізді. Абай арқылы қазақ елі тарихының эпопеясын сомдады. Абайтанудың негізін қалады. Бүгінде қаламыздың ірі мектебіне жазушының есімі берілген.

Гүлнәр Топанова, М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің басшысы:

М. Әуезов атындағы мектеп 1992 жылы құрылған.1998 жылы мектепке Мұхтар Әуезов есімі берілді. Содан бері, әрине, мектепте оқушылар арасында ұлы жазушының шығармашылығына арналған түрлі шаралар өткіземіз.

Бүгінде жазушының туған күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оқушылар эссе жазды. Оған қоса мектеп оқушыларына арналған «Әуезов мұрасы» атты үйірме жұмыс жасайды.

Нұрсұлтан Кирибаев, М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Жалпы мектепте 123 үйірме бар. Сонын ішінде арнайы осы М. Әуезов аты болғандықтан «Әуезов мұрасы» деген үйірме ашылды. Соған бізде балалардың ішінен 25 оқушы қаттысады .

Айта кетейік, өңірімізде Мұхтар Әуезов есімімен аталған 2 мектеп бар. Бірі облыс орталығында орналасса, енді бірі Баянауыл ауданында.

Байтұрсын Жұмабай