Павлодар облысында 6 адам астан уланған. Олар дүкендегі дайын өнімдерді қолдану салдарынан ұшыныпты. Ал бұзылған тағам сатқан дүкен қожайына айыппұл салынды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында белгілі болды.

Жыл басынан бері санитарлық қадағалау мамандары өңірдегі 63 тамақ өнеркәсібіне тексеру жүргізген. Нәтижесінде 9 мыңнан астам өнімге сынама жасалынған. Қорытындысы бойынша 709 өнімнің жарамсыз екені анықталды.

Гүлнәр Ақылбекова, Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

Тексеру нәтижелері бойынша бойынша айыппұл түрінде 32 әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды.  Жазғы кезеңде облыста «Қауіпсіз өнімді таңдаймыз» акциясы өткізілді, оның барысында тұтынушылардың қалауы бойынша жеміс-көкөніс өнімдеріндегі нитраттардың қалдық құрамына жедел зерттеулер жүргізілді, 8907 сынама зерттелді, 685 сынамада сәйкессіздіктер анықталды.

Өңірде 6 адам астан уланған. Олар сақтау мерзімі өтіп кеткен тағамды пайдаланған. Осы дерекке қатысты бұзылған тағам сатқан дүкен қожайынына айыппұл салынды. Мамандардың айтуынша, адамдар көп жағдайда үйде дайындалған өнімдерден уланатын айтады.

Гүлнәр Ақылбекова, Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

 Үй жағдайында консервілеуге болмайтын өнімдер бар. Олардың қатарында ет, балық, саңырауқұлақтар және шөптер бар. Әсіресе ботулизмнің көптеген жағдайларын тудыратын саңырауқұлақтар қауіпті. Қақпақтары көтеріліп ісінген банкаларды алып тастау керек. СЭБД базарлардан үй консервілерін, үй жағдайында әзірленген шошқа майы мен шұжық сатып алмауды ұсынады.

Соңғы жылдары өңірде ботулизм ауруы тіркелмеген. Десе де, мамандар сақ болуға шақырады.

Гүлнәр Ақылбекова, Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

      Күзгі кезеңде ботулизмнің алдын алу мәселелері өзекті болып отыр. Ботулизм - бұл орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануымен қатар жүретін токсиндермен улану. Аурудың инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан бір күнге дейін созылуы мүмкін. Көптеген жедел жұқпалы аурулардан айырмашылығы, ботулизм кезінде температураның жоғарылауы болмайды.

Соңғы жылдары ботулизм жағдайлары негізінен үйде дайындалған консервілермен улануға байланысты болды.

Сондықтан да, мамандар үйде консервіленген өнімдерді қолданбауды сұрайды.