Былтыр Ақсу қаласында кітапсүйер қауым үшін арнайы фестиваль өтті. Игі шара биыл да жалғасын тауып, оқырман қауымды қуантты.
Ақсу қаласындағы орталық кітапханада кітап фестивалі екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Соның аясында түрлі жастағы оқырмандарға арналған бірнеше шара ұйымдастырылған.
Үміт Шынағұлова, Ақсу қалалық орталықтандырылған кітапханасының басшысы:
«Бүгін біздің кітаханада ... екінші рет өтіп жатыр. Көптеген шаралар жоспарланған» , «бұл шараның мақсаты –шақыру мақсатында өткізіп жатырымз.»
Бұл жолы балалар әдебиетіне басымдық берілді. Олар ертегі тыңдап, шеберлік сабақтарына қатысты.
Сондай-ақ, «Кітап және қаламгер» жобасы аясында облысымыздың ақындарымен кездесу ұйымдастырылды.
Алпысбай Хонж, С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың қоғаммен байланыс секторы меңгерушісі:
«Жобаның басты мақсаты – жергілікті қаламгерлердің кітаптарын, ақын-жазушыларды облыс орталығында емес, басқа аудан, қала, ауылдарға апарып, сондағы көзі қарақты оқырмандармен жүздестіру, қауыштыру, олардың шығармашылығын насихаттау. Сол арқылы кітап оқуды насихаттағымыз келеді.», «Біз бұған дейін Тереңкөл, Аққулы, Ақтоғай, Ертіс аудандарында болған едік. Бүгін Ақсу қаласына келдік. Алдағы уақытта бұл жоба міндетті түрде жалғасын табады.»
Кездесу барысында ақын, балалар әдебиетшісі Серік Сатыбалдиннің жаңа кітабының тұсауы кесілді. «Шыншыл бала» деп аталатын кітапта өлеңдер, ертегілер, мақалалар мен аудармалар топтастырылған.
Серік Сатыбалдин, ақын, Қазақстан журналистер одағының мүшесі:
«Ақсу қаласындағы орталықтандырылған кітапханада кітап жөнінде әңгіме қозғалды. Кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы көп әңгіме айтылды.», «менің соңғы шыққан «Шыншыл бала» кітабының тұсаукесерін ұйымдастырған кітапханашыларға шын жүректен алғыс білдіремін. Бұл – біздің еңбегіміздің аз да болса еленуі»
Шара соңында кітапхана ұжымы меймандарға естелік сыйлықтар үлестерді. Өз кезегінде ақындар да кітапханаға авторлық туындыларын табыстады.
Жұлдыз Қабылденова