Бүгін халықаралық жүрек күні. Атаулы күн 2011 жылдан бастап белгіленген. Иә, жүрек адамның ең маңызды ағзасы. Ең сезімтал әрі нәзік ағзасы. Бүгінде өңірімізде бұл саладағы емдеу шаралары қарқынды дамып, науқастарға бірегей оталар жасалуда.
Қазіргі уақытта жүзге жуық ел бұл күнді атап өтеді. Басты мақсат жүрек қан-тамыры ауруларының алдын-алу және емдеу шараларын күшейту. Павлодар обылсында жүрек сырқаттарына арналған орталықтың ашылғанына 10 жылдан асты. Осы уақыт ішінде 50 мыңға жуық науқасқа көмек көрсетілген. Оның ішінде 20 мыңға жуық науқас интервенциялық аралсу, 7 мың науқасқа ашық ота жасалыпты.
Думан Изгуттинов, облыстық кардиология орталығының кардиохирургі:
Барлық науқастар өлім аузынан қалған деп айтсақ болады. КЕйбір Қазақстанда жасалмаған оталар бізде жасалады. Кардиологиялық орталықта.
Осылайша жүрек науқасына шалдыққан жандардың өлім саны биыл 22 пайызға азайыпты. Облыста жүрекке жасалатын 7 сатылы күрделі отаның алтауы жасалады. Тек трансплантация ғана елордада жасалады. Әрине, қай уақытта да аурудың емін іздегенше ауырмаудың жолын іздеген жөн. Тұрмыс салтының өзгеріп, тіршілікке еніп жатқан барлық өзгерістер жүрекке әсер етеді дейді мамандар. Соныдақтан, әр адам өз жүрегіне ұқыпты қарағаны ләзім.
Думан Изгуттинов, облыстық кардиология орталығының кардиохирургі:
Қазіргі таңда 21-ғасыр деген сияқты. Жаңадан технологиялар пайда болды, зиянды ауаға кететін заттар, адам қоректенетін тамақтың құрамы өзгерді, зиянды әдеттер көбейді. Іс-шаралардың дамығандығы.
Яғни, адамдар бұрын өздері байқай бермеген сырқаттар жаңа зерттеу түрлерінің арқасында анықталуда. Аппараттар дамыды, жаңа дәрі-дәрмек түрлері жасалуда. Бұл- аурудың асқынуын алдын алатыны сөзсіз. Бұл тұрғыда өңіріміз тек еліміз бойынша ғана емес, халықаралық деңгейде алдыңғы қатарда деп айтуға болады.
Жүрек соғысы бұзылмау үшін адам ең әуелі зиянды әдеттерден бас тарту керек. Қимыл-қозғалысты арттырып, белсенді өмір салты қалыпастырған ләзім.
Жанасыл Серікбол