2022-жылдан бастап Республика күні мерекесі қайта жанданды. Бұл ретте Павлодар облысында бірқатар ауқымды шаралар жоспарлануда. Облыстық аппарат жиынында ұлттық мееркені атап өтудің мазмұны мен реті баяндалды.

Республика күні мееркесіне орай аймағымызда 450 ден астам іс-шара жоспарланған. Негізгі месседж «Әділетті Қазақстан, адал азамат» идеясы. Бұл күні жасампаз, еңкеккер қазақстандықтардың жетістіктері насихатталады. Мерекенің біртұтыс шоғырланушы символы ретінде бүркіт бейнесі ұсынылып отыр. Мереке аясында облыстың барлық елдімекендерінде ресми іс-шаралар жоспарланған. Негізгі салтанатты шара 24-қазан күні Естай мәдениет саарйында өтеді.

Әзілхан Әбеуов, ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы:

Онда біздің өңіріміздің екекше көзге түскен тұрғындарын мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі, мерекелік концерт өткізу жоспарланған. 25-қазан күні қалалар мен аудандардағы мемлекеттік рәміз алаңдарында мемлекеттік туды көтеру салтанаты шарасы жоспарланған. Сонымен қатар, облыс кәсіпорындары мен ұжымдары, оқу мекемелері, мемлекеттік әнұранды жаппай орындау бойынша «Қыран елім-Қазақстаным» жалпыұлттық патриоттық акциясына белсенді қатысады.

Сондай-ақ, облыстың үздік 100 оқушысына «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығы табысталатын болады. Ауыл шаруашылық жәрмеңкелелері мен сауда акциялары да мерекелік көңіл-күй үшін.

Ал, облыс тұрғындары үшін өңірдің мәдениет саласы да мазмұнды шаралар легін ұсынып отыр. 23-қазаннан бастап музейлер мен кітапханаларда тақырыптық көрмелер өз жұмысын бастайды. Жиырма төрті күні өтетін салтанатты шараның мерекелік бөлімінде елімізге танымал өнер жұлдыздары ән тарту жасайды.

Медет Тауасқан, мәдениет, тілдерді дамыту және архис ісі басқармасының басшысы:

Концерттік бағдарламаның арнайы шақырылған қонақтары «Мұзарт» тобы, Дариға Мұсаева және Әділ Ахметовтар болмақ. Естай мәдениет саарйының фойэсінде Потанин музейі «Менің елім мақтанышым», Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркем сурет музейі «Қасиетті жердерге саяхат» атты көрмелерді рәсімдейді. Онда павлодарлық суретшілердің жұмысы қойылады. Көрме мақсаты-бұл жерлердің маңызы мен тарихын насихаттауға бағытталмақ.

: Облыс әкімі Асайын Байханов маңызды мернкені атап өтуге барлық әкімдіктер мен тиісті басқармалар жауапты қарап, жоғары деңгейде өткізуі керек деді.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Барлық маңызды іс-шаралар сапалы өтуі тиіс. Айзада Аменгілдіқызы, Дидар Елубекұлы бақылау сіздерде. Барлық азаматтық қоғам мен институтарды қамту қажет. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқамрасы облыс тұрғындары үшін жәрмеңкелер мен акциялар ұйымдастырсын.

Осылайша облысымызда Республика күнін тойлау әр түрлі саланы қамтыған шаралар легімен аталып өтілмек.

Жанасыл Серікбол