Ертең елімізде құтқарушылар күні. Арнаулы күн 1995-жылы белгіленген. Төтенше жағдайлар қызметі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Тосын жағдайдан жол тауып, адамдарды әр түрлі қатерден қорғау дәл осы қызметтің міндетінде.
Үнемі от пен өрттің ортасында болу, қатерлерден құтқару, шұғыл шешімдер мен жанашырлық. Құтқару қызметінің күнделікті жұмысы осы сипатта. Десе де, таңдап алған мамандықтың қиындығына төзіп жүрген мамандарға көпшіліктің айтар алғысы мол. Біздің облыста да қөұқтқарушылар өз міндеттерін жоғары деңгейде атқарып келеді. Мамандандырылған номері бірінші өрт сөндіру бөлімі обылс орталығының солтүстік бөлігінде қызмет етеді.
Құтқарушылар қиындықты үлкен-кіші деп бөлмейді. Алда адам жанын мазалаған әрбір қауіпті сәттен құтқару міндеті ғана тұрады. Соңғы кезде тұрғындар қауіпсіздік саалсында сауата арта бастағандығын айтады.
Десе де, балаларды қараусыз қалдыру, ішімдік ішкеннен болатын келеңсіз жағдайлар мен жол апаты мәселесі әлі де өзекті. Қазіргі уақытта облыста құтқарушылар құрамында мамандар жеткілілікт.
Жанасыл Серікбол