Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапханада 3 мыңнан астам сирек кітаптар қоры сақталған. Оның ішіндегі ең көне кітап 1771 жылы Лондонда жарық көрген жинақ. Бұл басылымдар оқырманға қол жетімді болу үшін сандық форматқа көшірілген. Кез келген оқырман кітапхана сайтына кіру арқылы бұл кітаптарға қол жеткізе алады.

Павлодар облысында 227 кітапхана бар. Оның 197-сі ауылдық елді-мекендерде орналасқан. Биыл кітапханашылар 374 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсетіпті. Аймақ бойынша 2 млн. 859 мың, 649 дана кітап қоры сақталған. Оның 1 млн. 187 мыңы қазақ тілінде.

Шолпан Шахметова - С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың басшысы:

Қазіргі таңда қазақ тіліндегі кітаптар кішкене басым болып келе жатыр. Оған біз өте қуаныштымыз. Ал биылғы жылы бізге 5 мыңнан астам кітап түсіп отыр. Оның 90 пайызы қазақ тілінде. Үкіметтен облысықа 40 мыңға жуық кітаптар түсіп жатыр.

Облыстық кітапхананың қорында 3 мыңнан астам сирек кітаптар сақталған. Оның ішіндегі ең көне кітап 1771 жылы Лондонда жарық көрген басылым. Бұл кітаптар оқырмандарға қолжетімді болу үшін электронды нұсқаға көшірілген. Ал кітапханаға көптеп оқырман тарту мақсатында да бірқатар жұмыстар қолға алынды.

Шолпан Шахметова - С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың басшысы:

Әрине, сөзбен кітап оқы деп оқырман тарта алмайсың. Жаңа мен айтып кеткендей көптеген жоба дайындап әзірлейміз. 02-18+++02-27 Көптеген жұмыстар атқарылып, бірнеше жобалар жақсы жобалар өткізіліп жатыр. Олар тек ғана кітаппен байланыс емес, арт фестиваль сияқты акциялар сияқты шаралар көп өткіземіз.

Өңірде 500 кітапханашы жұмыс істейді. Олардың біліктілігін арттыру бойынша оқыту шаралары қолға алынған. Бірақ, соңғы кездері кітапханашы мамандар тапшы.

Шолпан Шахметова - С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың басшысы:

Кадр тапшылығы әрине байқалады. Өйткені, қазіргі таңда кадрларда 80 пайызы кітапханашы мамандығы емес. Олар мұғалімдер. Бір кездері көп рқу орындапры жабылып, мамандықты дайындайтын саны азайып қалағны бар.

Кітапхана ісінің жетілдіру мақсатында «Библодостық» жобасы қолға алынған. Ресей, Беларусь, Қырғызстан кітапханаларымен онлайн байланыс орнатылып, кітапханшылар тәжірбие алмасады.

Өзгеріс Қуанар