Көмір шахтасындағы апаттан зардап шеккен отбасыларға Қазақстанның Қызыл Ай қоғамы да көмек көрсетеді. Қоғамның Қарағанды облысындағы филиалындағы еріктілері апат болған сәттен бастап зардап шеккен отбасыларға жәрдемдесуде.

Қызыл Ай қоғамы мүшелеренің айтуынша қазір зардап шеккен отбасыларға ең әуелі психолгиялық, моральдық көмек қажет. Қоғамның Қарағандыдағы еріктілері барынша осы бағытта қол ұшын созуда. Бұдан бөлек, материалдық көмек ұйымдастыруды да шешкен.

Қаражат мұқтаж отбасыларға воучер ретінде қолдарына тапсырылады. Ал, Қызыл Ай қоғамына қаржы халықтан жиналады. Қайырымды жандар Қызыл ай қоғамына қаржыны екінші деңгейлі банк қосымшалары арқылы аудара алады.

Жанасыл Серікбол