Павлодарда биші Виолетта Никитина мен музыкант Бақытжан Жұмаділдиновтың шығармашылық кеші өтті. Өнерпаздар кеш қонақтарын өздерінің би және музыкалық шығармаларымен таныстырды.
Музыка өнерінің майталманы Бақытжан Жұмаділдинов пен хореограф Виолетта Никитина ортақ шығармашылықты қолға алғандарына бір жыл болса да, екі өнерпаз үшін бірлескен жұмыс жемісін берді. Шығармашылық дуэт өңірдің Ақтоғай, Шарбақты аудандары және Кенжекөл ауылында өнер көрсетіп үлгерген.
Бақытжан Жұмаділдинов, әнші:
Өткен жылы мені Виолетта Никитина өнер көрсетуге шақырды. «Бишліерге арнау» атты турнирде екі ән орындадым. Көрерменнің көңілінен шыққан соң бір-біріміздің кештерімізде өнер көрсетуді дәстүрге айналдырдық. Алғашқы рет «Көз» атауымен театрлық қойылым дайындадық. Мен сері жігітті, ол оның сүйіктісін сомдады. «Ең керемет жылдар» әніме де қойылым дайындалды.
Бақытжан Жұмаділдинов өнрепаз Виолетта Никитинамен жұмыс істеу оңай екенін айта келе, дарынды жан ретінде шығармашылығына жаңа ренк әкелгенін атап өтті. Виолетта Никитина - жоғары санатты хореограф.
Виолетта Никитина, хореограф:
Бұл шығармашылық дует. Біз бір-бірімізді толықтырамыз. Ол ән жазады, ал мен би дайындаймын. Өзіме қатты ұнайытыны - Люмила Николаевна Бевстың сөзіне жазылған «Глаза» әніне қойылған биім. Әні – Бақытжан Жұмаділдиновтікі. Бұл дебют десек болады. Тіпті алыс-жақын шет елдерге өнер көрсетуге шақырып жатыр.
Шығармашылық жұп жұмысына Виолетта Никитинаның қызы, танымал би режиссері атсалысады.
Анастасия Загорулько, хореограф:
Бұл шараға бір ай дайындалдық. №6 мектеп оқушылары Алексей мен Даяна «Менің жылдарым – менің байлығым» биін ортаға салады. Ал рандеву поппури биін көрермен назарына ұсынады. Біз бұл шараға қатысып жатқанымыз үшін өте қуаныштымыз. Қатты ұнайды. Керемет шара. Бұндай кештер жиі өткізілсе дейміз.
Шығармашылық кешті өнерпаздардың жанкүйерлері, достары, әртістердің туыстары мен жақындары, өнер сүйер қауым тамашалады.
Ақмаржан Қалымбек, Ермек Сапаров