Лесозауыт ауданының тұрғынын жұмыстан үйіне келе жатқан кезде жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кетеді. Есін ауруханада жинайды.

 Омбы-Майқапшағай тас жолында қауіпті жаяу жүргіншілер өткелі бар. Полиция департаментінің мәлімет бойынша осы аймақта тоғыз адам көлік дөңгелегі астына түскен. Олардың екеуі жол апатынан көз жұмды.

Жадыра Ташенова автобустан түсіп, жаяу жүргіншілер өткелінде оны көлік қағып кететінін еш ойламаған. Есін жиса, ауруханада жатыр. Бұл жерде өткел болғанымен жүргізушілер жылдамдықты асырып, тоқтамай өтетінін айтады.

Жадыра Ташенова, жәбірленуші:

Мен Лесозавод аймағында тұрамын. Бізде Лесозаводта 23 і күні жұмыстан келе жатқанда кешке көлік қағып кетті. Екі кісі көліктің астына түстік. Енді осы светофор бойынша біздің сапсан аялдамасы қалаға кіре беріс кезінде. Қалаға кіре берісн кезінде Сапсан аялдамасы ең бірінші тұр. Пешеходный переход түсірмейді қашықтықтарын.

Құзырлы мекеме мамандары бағдаршам орнатылады деп уәде еткен. Бірақ жақын маңдағы үйлердің тұрғындары келесі жылға дейін қауіпті өткелден зардап шеккендердің тізімі көбейеді деп қауіптенеді. Оның үстіне балалар да осы жолмен жиі жүреді.

Жадыра Ташенова, жәбірленуші:

Екі оқиға болды. Бір жас баламен әжемізді осыдан кейін біз бармаған жеріміз жоқ. Әкімге де бардық. Қабылдауында болдық. Бізге свтофорды біздің пешеходный переходқа светофор керек. Қалада оқитын балаларымыз бар. Өзіміз жұмысқа барамыз. Жүрімізі бүкілі қалада болғандықтан осы екі жолды өту өте қиынға соғады. Өйткені бір көлік өткізсе екінші көлік міндетті түрде содан кейін ғана өтеміз жолды.

Жадыра жол көлік оқиғасынан миы шайқалып, басқа да жарақаттары алған. Ол бұл қауіпті өткелден жәбір көрген жалғыз құрбан емес. Ауданның басқа тұрғындары да дабыл қағуда. Ақылбек Сағитжановтың қызы көлік астында қалып, жарақат алған. Қазір бойжеткен реабилитациядан өтіп жатыр.

Ақылбек Сағитжанов, жәбірленушінің әкесі:

Бірінші февральдің осы жылғы тайота центр қасында қызымды соғып кетті машина. Екі ай қызым реабилитацияда болды. Сосын балтақпен жүрді. Қазір құдайға шүкір жұмыс істеп жүр қызым. Мен ойлап отырмын свотфор керек. Қысқа дейін керек ол. Боран тұман болады. Гололед болады. Өте қауіпті нәрсе.

Полиция қызметкерлері орын алған жағдайға байланысты түсініктеме берді.

Жасқайрат Кайыров, ПД бастығының бірінші орынбасары:

Жаяу жүргіншілерді өткізетін жерде қағып кеткен. Сол бойынша қазір тексеріс жүріп жатыр. Сараптамалар бәрі жіберілді. Қазір екі жәбірленуші ауруханада жатыр. Олар жазылып шыққаннан соң ... жіберетін болады.

Полиция департаменті жолдың бұл аймағы үнемі автопатрульдік бақылауда екенін жеткізді. Жылдамдықты асыру деректері тіркелетінін айтады.

Жасқайрат Кайыров, ПД бастығының бірінші орынбасары:

Енді сол бағытты алатын болсақ сол жерде 9 авткөлік соның ішінде 2 адам қайтыс болған. 9 адам зардап шеккен. Бұл бағытты жергілікті аймақ органдарымен биыл тас жол жаңартылды қоюға үміттеніп отырмыз.

Келер жылы бұл қауіпті аймаққа бағдаршам орнатылады деп сендірді.

Әйгерім Тоқпанқызы, Анастасия Ерш