Облысымызда қызылша дерті өршіп тұр. Жұқпала ауру жұқтырған тұрғындар саны артып келеді. Инфекцияның белгілері қандай? Кеселден қалай сақтану керек?

Жұқпалы аурулар ауруханасының мамандарының мәліметінше, облыста қызылша ауруының 21 жағдайы тіркелген. Науқастардың жартысынан көбі – балалар.

Дәрігерлердің айтуынша, дерттің басты себебі – қызылшаға қарсы екпе салынбауында. Қызылша жұқтырған тұрғындардың көбі екпе алмаған. Ал вакцина алған тұрғындарда ауру жеңіл түрде өтеді.

Кеселдің белгілері біліне бастаған сәтте-ақ дәрігер көмегіне жүгіну керек. Себебі көп жағдайда тұрғындар қызылша белгілерін өзге ауру түрлерімен шатастырып жатады.

Қызылша – жылдам таралатын дерт. Сондықтан уақытында екпе алып, аурудың алдын алу шараларын жасаған жөн.

Жұлдыз Қабылденова