Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, ата-аналардың борышы. Қоғамдағы басты мәселенің бірі – баланың жеке тұлға болып қалыптасуына отбасылық тәрбиенің әсері қандай? Бұл туралы брифинг барысында психолог мамандары айтты.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отбасындағы тәрбиесі. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты – балада» деген екен. Қоғамда жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық, әлімжеттік белең алып тұр. Өкінішке қарай, балалар өз үйінде қамқорлықты сезе алмай, керісінше жәбір көріп, соққының құрбанына айналып жататын жайттар көп. Бұл тұрғыда бала мен ата-ана қарым қатынасы маңызды.
Жанар Ордабаева, Павлодар қаласы №25 жоббм педагог-психологі:
Бірден ойымызға келетіні, «ұлы жол отбасынан басталады дейді» яғни, отбасының бала туғаннан кейін есейіп, ержетіп, үлкен өмірінің жолына түскенге дейін.
Сондай-ақ, сала мамандары мектеп оқушыларының отбасындағы кикілжің, мамандық таңдау, достық туралы тақырыптарда жиі жүгінетінін айтты. Осы орайда, қандай жұмыстар атқарылатыны сөз болды.
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасу кезінде отбасылық тәрбие үлкен маңызға ие. Сондықтан, бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді. Жалпы алғанда, жас ұрпақты тәрбиелеу - ортақ мұрат, оларды сапалы біліммен қаруландырып, тәрбиелі азамат етіп шығару әр қоғамның көкейіндегі басты арманы.
Қымбат Садық