Бал көйлегі, әдемі шаш үлгісі, ақ жейде мен керемет көңіл күй. Павлодар қаласындағы балабақшалардың бірінде түлектер балабақшамен қоштасты. Әсерді әрі әдемі кешке барып келген тілшіміз жалғастырсын.
Мамыр айы мерекелерге ғана толы емес, мамыр айында ата аналар мен балалар үшін көп маңызды іс шаралар өтеді. Кешеден бері оқушылар мектеппен қоштасып жатса, балалар балалақшалармен қоштасуда.
Бұл Павлодар қаласындағы №6 гимназия балабақшасының түлектері. Бөбек болып кірген есіктен, тікелей мектепке қадам басып барады. Әсіресе ата аналар қобалжуларын жасырмады.
Армангүл Сыздықова, ата-ана
Осы балабақшада үш балам келеді. бірінші балам 2024 жылы аяқтады, 7 сыныпта оқиды. Екінші қызым міне бітіріп жатады. Мұғалімдері өте тартымды. Ыстық сезімді білдіріп тұрады. Қоштасу сәті ерекше өтті.
Кішкентай түлектер тәттілер әлеміне сапар шекті. Ән айтты, би биледі, аниматорлармен ойнады. Балабақша ұжымы бұл сәтті есте қаларлықтай ерекше өткізді.
Айнұр Исабекова, №6 мектепке дейінгі гимназияның басшысы
Негізі балабақшада 11 топ. Мемлекеттік тілді тәрбие және білім алуда. 68 баланы шығарып жатырмыз. Енді бүгін мектепке шығарып жатырмыз. Ерекше шығарайық деп тәтті әлеммен әшекейлеп қойдық.
Осылайша кішкентай бүлдіршіндер бала шақтан болашаққа аттанды. Қыркүйекте мектеп табалдырығын аттап, оқушы статусына өтеді. Сәт сапар!
Самал Қалиқызы