Соңғы төрт жылда 940 мың гектардан астам жер мемлекет ке қайтарылған. Яғни, игеріломей иен жатқан жерлер. Онңы 695 мың гектардан астамы қайтадан айналымға енгізіліпті. Облыстық аппарат жиынында жерге жауапты ведпаоства басшысы осылай деді.
Жер бос жатпауы керек. Мемслекет басшысы баршасының алдына осындай міндет қойған. Бұл міндетті орындау жолында бірқатар жұмыстар атқырылыпты. 2026 жылдың ортасына дейін тапсырма толық орындалу ытиіс.
Мұрат Хамитов, Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының басшысы
Тапсырманы орындау үшін жол картасы бекітілді. Жол картасына сәйкес, биылғы жылдың ортасына дейін 245,5 мың гектар жерді қайта бөлу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 87 мың гектары немес 35 пайызы айналымға енгізілді. 1-щілдеге дейін 158,5 мың гектар жерді қайта бөлу жоспарланды. Қазіргі кезде 150 мың гектар жер учаскелеріне конкурс жарияланды.
Ол бұл процестің ашық әрі заң талаптарына сай жүргізілуі маңызды екенін атап өтті. Себебі конкурстық рәсімдердегі бұзушылықтар жоспардың орындалуына қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан, аудан әкімдеріне бұл үрдісті жеке бақылауларына алуды ұсынды. 15 маусымға дейін 61,7 мың гектарды қамтитын сегіз конкурс өтуі керек. Олар Екібастұз, Ақсу қалаларында, сондай-ақ Железин және Успен ауданы аумақтарында өтеді. Бұдан бөлек, 88,1 мың гектарды қамтитын тағы сегіз конкурс 15-29 маусым аралығында Павлодар, Ақтоғай, Май аудандарында және өзге аудандарда ұйымдастырылады.
Мұрат Хамитов, Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының басшысы
Жергілікті тұрғындарды жайылымдық жермен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар резервтік шешімдер қабылданған. Атап айтқанда, Баянауыл мен Успен аудандарында екі мың гектар жер резервке қойылған. Сонымен қатар, Екібастұз қаласы мен Шарбақты ауданында ауыл шаруашылығы жобалары үшін 5,2 мың гектар жер бөлінсе, Ақсу мен Екібастұз қалаларында халық қажеттілігі мен жаңартылатын энергия көздері жобаларына 1,5 мың гектар жер қарастырылған.
Дегенмен, Павлодар, Аққулы, Тереңкөл және Железин аудандарында жайылым тапшылығы әлі де өзекті мәселе болып отыр. Облыс әкімі бұл ретте жерді дұрыс пайдалан білудің маңызды екендігіне тоқталды.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Ақырғы бес жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі жоқ дегенде екі жарым есе өсті. Екі жыл бұрын ғана бүгінгі күнмен салыстырғанда екі жарым есе кем болды. Біз бүған қалай жеттік? Ол - жердің пайдалануын, тиімділігін арттыру арқылы, суармалы жердің көлемін арттырудың арқасында. Дүниежүзінде азық-түлікке сұраныс жоғары. Сол себептен әрі қарай да жерге сұраныс арта береді. Жайылым жердің өзіне тапшылық барлық жерде бар.
Жерді бөлу мәселесі жер комиссияысының ғанна емес, барлық әкімдердің күнделікті бақылауында болуы керек деді Асайын Байханов.
Сонымен қатара, аппарат жиынында «Таза Қазақстан» акциясы бойынша өткен абаттандыру айлығы қорытындыланды. Айлық аясында облыс бойынша 45 мың тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық шығарылып, 1200 шақырымнан астам жол жиегі, жағалау аумақтары мен бос жатқан жерлер тазартылған. Көгалдандыру жұмыстары да ерекше назар қойылып, көктемгі маусымда облыстың елді мекендерінде отыз мың көшет отырғызылған.
Ержан Иманзайыпов, Павлодар облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы
Облыста алғаш рет ескі және апатты ағаштарды ірі аллеялық ағаштармен алмастыру жұмыстары қолға алынды. Мәселен, Павлодар қаласы көшелерін бойына 800 ден астам ағаш отырғызылды. Бұл тәжірибені облыстың басқа қалаларына да қолдану қажет. Сонымен қатар, 2026 жылғы мектеп түлектерінің аллеясы құрылды.
Асайын Байханов атқарылған жұмыстарға жалпы алғанда оң баға бағалап, алдағы уақытта да осы қарқында жалғастыруды тапсырды.