Президент мемлекеттік қызмет туралы заңға қол қойды. Жаңа редакциядағы заңның негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметтің миссиясын бекіту, мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру.

Павлодар облысында мемлекеттік қызмет туралы заңды түсіндіру жұмыстары басталды. Бұл ретте мемлекеттік орган басшылары, аппарат басшыларына жастарды мемлекеттік қызметке тарту, оларға тиімді жағдайлар жасау маңыздылығы айтылды.

Руслан Иманқұлов, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Бүгінгі өзекті мемлекет орган басшыларымен кездесу өткізіп отырмыз. Бізде жаңа мемлекеттік қызметі істері заңы қабылданды. Түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Толық жауап беруліде. Жалғыз біз мемлекеттік қызмет заңы бойынша сонымен қооса жаңа тетіктерін мемлекеттік орган басшыларына түсіндіріп жатырмыз.

Маңызды жаңашылдықтардың бірі – мемлекеттік қызметке іріктеуді толық цифрлық форматқа көшіру. Енді үміткерлерді іріктеу Е-қызмет арқылы жүзеге асады. Конкурсқа іріктеу ережесі қабылданды. Бұрын мемлекеттік қызметке түсетін азамат 1 ай көлемінде кезеңдерден өтетін, жаңа ережеге сәйкес 5-7 жұмыс ішінде қызметке қабылдана алады.

Наталья Нефедова, Павлодар облысы әкімдігі аппараты басшысының міндетін атқарушы

Бұл жерде айта кету керек, ұзақ уақыт бос тұрған вакансиялар бар. Энергетика, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, құрылыс саласында осында ұзақ тұрған бос орындар жетерлік. Павлодарда 9, Ақсуда 4, Железин ауданы 7, Ертіс ауданы 7 вакансия. Қаңтар айынан бастап біз құрылымды өзгертіп жатырмыз. Жаңа заңға сәйкес аппарат басшылары мемлекеттік қызметтің имиджін өзгерту керек. Яғни сіздер өзгеру керексіздер.

Руслан Иманқұлов, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Облыс бойынша жағдай бос орындар бар. Оны жасыратын ештеңе жоқ қазір бос орындарға жас студенттер қатысып жатыр. Динамиканы көріп отырмыз. Мемлекеттік қызметке тартылып, ынталандырып қызығушылық танытып жатыр.

Сонымен, мемлекеттік қызмет жайлы стереотиптерді бұзу ұсынылды. Мемлекеттік қызметтің еңбекақысы төмен, жұмыс кестесі нормаға сай емес деген түсінік, кешегі күн.

Әсіресе жастарды мемлекеттік қызметке тарту үшін облысымызда алғаш рет болашақ мемлекеттік қызметкерлерге арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң 2026 жылдың 1 шілдесінде күшіне енеді.

Самал Қалиқызы