Жыл басынан бері Павлодар облысында 200-ден астам адам қызылша жұқтырған. Олардың барлығы екпе алмаған. Науқастардың қазіргі жағдайы қалай? Тілшіміз айтсын.
Қызылша сырқатынан кейін асқынулары ауыр болады. Сондықтан санитарлық мамандар, ата аналардың екпе салдырғаннан гөрі бір рет ауырып шыққан дұрыс деген пікіріне қарсы. Қай заманда болсын екпе алған қоғам ғана ауыр сырқаттарды жеңген. Мәселен, жыл басынан өңірде 230 адам қызылшаны жұқтырған.
Баян Сартай, Павлодар қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы
Қызылшаның бізде қазір 231 жағдай тіркелді. 190-ы балалар, 4-еуі жасөспірімдер. Көбінесе екпе алмаған балалар ауырып жатады. Себеп, ата аналардың бас тартуы. Ал, олар вакцинадан бас тартуға түрлі себепті табады. Негізі вакцина 1 және 6 жаста жасалады.
Жазға таман қызылшамен ауырғандар көрсеткіші төмендейді. Себебі мектептерде, балабақшаларда демалыс басталады. Соңғы аптада 13 жағдай тіркелді.
Самал Қалиқызы